Атырау, 19 желтоқсан 14:17
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Назарбаевтың екі сөзі Арменияда дауға ұласты". "Қайырымды болғысы келген министр кім?". "Рубльдің тұрақсыздығы теңгеге әсер ете ме?". "Русь князьдері Алтын орда мемлекетіне салық төлеп тұрған". "Мешіттер неге сарғайды?".

1 773 просмотра

TURKYSTAN.KZ. «Мешіттер неге сарғайды?» - Бірде байқаймыз, бірде байқамаймыз: күнде көріп жүрген нәрселер аяқастынан өзгеріп сала береді; неге олай болды деп бас та қатырмаймыз, «е, жөн екен» деп жүре береміз; мәселен, Қазақстан мешітте­ріндегі көк күмбез кейінгі жылдары жо­ғалды; оның орнын сары түс басты. Алтын жалатылған сары түсті күмбездер христиан шіркеулеріне тән секілді көрінетін еді, енді бұрынғы да, кейінгі де мешіттердің бәрінің күмбезі сап-сары...

«Кеден одағына мүше елдер ортақ банк жүйесіне көше ме?» - Кедендік одақ 170 млн. адам өмір сүретін ірі нарықты қамтитынын ескерсек, бір мақсатта ауқымы кең бастамаларға нар тәуекелдеп кірісуге міндеттіміз. Сарапшылардың бағалауынша, Кеден одағы үш елге 2015 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 15 пайыздан астам өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін көрінеді.

«Русь князьдері Алтын орда мемлекетіне салық төлеп тұрған» - Путиннің қазақтың намысын қамшылаған "Қазақтың мемлекеттігі болмаған" деген сөзі қазақтарды бейжай қалдыратын емес. Қазір оған жауап берудің әртүрлі жолдары жасалып жатыр. Мына видео да Орыстардан гөрі, қазақтардың мемлекеттігінің тамыры тереңде жатқандығын дәлелдеп баққан. Енді осындай шараларды кешенді түрде қолға алу керек.

ALASHAINASY.KZ. «Қазақ хандығының 550 жылдығын қалай өткіземіз?» - Тәуелсіздік алғалы бері Қазақ хандығының мерейтойы алғаш рет аталып өтпекші. Бұдан елу жыл бұрын кеңестер жүйесінің қыспағында біз ондай бастамаларды көтере алмадық. Ал 600 жылдыққа дейін әлі біраз уақыт бар. Сондықтан Қазақ хандығының 550 жылдығын абыроймен өткізіп шығу аса маңызды. Оған қоса, кейбіреулер қазақ халқының мемлекеттілігін сан-саққа жүгіртіп, оның тарихына күмәнмен қарап отырған кезде бұл бастаманың саяси маңызы да зор.

MUSLIM.KZ. «Осы қазақ қандай ел?» - Қай ұлттың болмасын өзіне тән ұлттық тәрбие мектебі болады. Қазақ елінің де ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мол рухани қазынасы бар. Бірақ сол қазынаны қаншалықты иеленіп жүрміз. Барымызды бағалап, жоғымызды түгелдеу мақсатында бүгін ұлтттық тәрбиеміздің кейбір қырларына тағы бір оралуды жөн көрдік.

QIYAN.KZ. «Егер шын болса – орыс ең көп жеріне тізімделемін»- Бұл қытай қазақтарының ақпараттық алаңы «Сенқазақ» сайтындағы форумға жазған Бұрқа есімді азаматтың сөзі. Ондағы туыстар шеттегі қазақтардың көші-қоны жайлы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және миграция комитетінің төрағасы Аслан Қаржаубаев мәлімдеген хабарды қуана талқылап, сүйіншілетіп жатыр. Ду-ду еткен қандастар қазір-ақ түп қотарыла көшетіндей, қопаңдап қалды. Бұл туралы сәл кейінірек…

AZATTYQ.ORG. «Назарбаевтың екі сөзі Арменияда дауға ұласты» - Армения парламенті ЕАЭО келісімін талқыламақ. Бірақ оған Қарабақ дауы бөгет болатын сияқты. Қазақстан президенті Назарбаев Қарабаққа қатысты екі мәлімдеме жасап, армян саясаткерлерінің сынына қалды.

«Қазақстанда жемқорлық бары «Көркею индексінде» де айтылды» - Жас кәсіпкер биліктің бизнестегі тамыр-таныстықты жоя алмағанына наразы. Ал сарапшылар халықаралық индексте кері кеткен Қазақстанда «экономикалық дамудың жемқорлыққа ұласқаны – басқарудың қабілетсіздігінен» деп біледі.

AIKYN.KZ. «Қайырымды болғысы келген министр кім?» - Қазақстанда қайырымдылық жасаушы бірлестіктерге саяси партиялар мен діни құрылымдарды қаржыландыруға тыйым салынады. Тіпті олардың өз мүліктерін осы екі бағыттағы ұйымдарға беруіне де шектеу қойылады. Парламент қарауға алған «Қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызметтер туралы» жаңа заң жобасында қатаң талап жазылып отыр. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау және қорғау мақсатында мемлекет осы қадамға барды. Кеше Мәжілісте арнайы жұмыс тобы құжатты талқыға салды.

«Рубльдің тұрақсыздығы теңгеге әсер ете ме?» - Ресей рублі тұрақтана бастады. Бір ғана қазан айында 8 пайызға құнсызданған орыс валютасының долларға шаққандағы бағамы қазір 41 рубль шамасында. "Десе де бұл уақытша құбылыс болуы мүмкін", - дейді сарапшылар.

5 қараша 2014, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.