Атырау, 23 желтоқсан 14:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Мұғалімдерді қосымша ақымен дәмелендіріп отыр

4 794 просмотра

Білім және ғылым министрлігі қыркүйектің 1-інен бастап мұғалімдерге жоғары санат үшін қосымша ақы төлеу жоспары туралы бірнеше рет мәлімдеген болатын. Алайда, облыстық білім басқармаларына бұған қатысты ресми құжаттар келіп түскен жоқ.

Екінші жартыжылдықта мұғалімдердің жалақысын көтерген-тін. Бірақ, ұстаздар енді бұрынғыға қарағанда үш есе көп алады деп ойламаңыз. Жалақыны 30 пайызға көтеру туралы сөз болғанда,  жұрт мұны дұрыс түсінбей, ашқаны тура есептеп шығарып отыратын. Мәселен, қазір мұғалім 60 мың теңге алса, демек, 18 мың теңге көбірек алатын болады деп тұжырымдады. Шындығына келгенде, базалық қызметақысы өскен болатын. Ол шілденің 1-інде 13 613 теңге болса, енді 17 697 теңгені құрады. Жалақыны есептеу кезінде базалық қызметақы ұстаздың жұмыс өтілі мен санатына байланысты белгіленетін коэффициентке көбейтіледі. «Мұғалімдердің орташа жалақысы 8-9 мың теңгеге көтерілді», - деді облыстық білім беру кәсіподағының төрағасы Амангелді АЙБОСЫНОВ. Сондықтан ол әзірге министрден келген жағымды жаңалықты түсіндіруге дайын емес: есептеу механизмі мен жалақы өсімінің нақты мөлшері әлі анықталған жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 тамыз 2011, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.