Атырау, 19 желтоқсан 14:18
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Cириядағы ұлымды қайтара алмай келдім». «Ресей ұшақтары қырғи-қабақ соғысты еске салды». «Тілшілерді өлтіргендердің 90 пайызы жазаланбайды». «Қазақстанда келесі президент атануы мүмкін адамдардың есімі белгілі болды».

2 494 просмотра

ALASHAINASY.KZ        «Cириядағы ұлымды қайтара алмай келдім» - Сирияда жүрген баласын іздеп барған анасы «ислам мемлекетін құрамын» деген ұлының Қазақстанға оралуға көнбегенін айтады. Ол жігіттің елде қалған жұбайы ажырасуға арыз берген.

«Ресей ұшақтары қырғи-қабақ соғысты еске салды» - Ресей әскери ұшақтарының осы аптада Еуропа әуе кеңістігіне кіретін Балтық, Солтүстік және Қара теңіз үстінен қыр көрсете ұшуын батыс баспасөзі «қырғи-қабақ соғыстың» оралуына теңейді.

«Қазақстан канистр ұстап жүр» - Жанармай тапшылығынан сақтанған Қазақстан көршілерінен бензин алудан үмітті. Ал жергілікті экономист бұл жоспардан қайыр күтпейді.

«Бай мен кедей арасындағы айырмашылық күннен-күнге ұлғаюда» - Атлант мұхитының арғы жағы мен бергі жағындағы елдерде тұратын бай мен кедейлердің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Еуропалық орталық банк АҚШ-тың Федералды қорының кеңесімен мемлекеттік құнды қағаздарды күн санап көбейтіп жатыр. Оларды баяғыдай тек қалтасы қалың азаматтар ғана сатып алуда.

«Көң мен қиды кәдеге асыру керек» - Еліміз Ұлт Көшбасшысының тікелей нұсқауымен жасалған 2050 стратегиясын жүзеге асыруда. Бұл – осыған дейінгі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының кеңейтілген, зор ауқымды бағдарламасы.

«Мұнайдың арзандауы - Путинге қатер» - Америкалық сарапшылар мұнай бағасы 2016 жылға дейін үздіксіз арзандай беруі мүмкін деп болжайды.

«Мемлекет салған үйлер неге сапасыз?» - Құрылыс саласына қатысты сын БАҚ-тарда ғана емес жоғары мінберлерден де жиі айтылып жүргенмен бұл саладағы кемшіліктер жойылар емес. Құрылыс жұмыстарының сапасыздығы мен бұл саладағы көзбояушылық әшкере болып жатса да, жауапкершілікке тартылып жатқандар жоқтың қасы.

«Кенесары және тарихшы Е.Бекмаханов қалай "қазақ халқының жауы" болып жарияланды?» - Жаппай науқан 1951 жылдың 11-12 наурызы күндері Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих институтында басталды. Онда «Правда» газетіндегі мақала толықтай мақұлданып, Кенесары және тарихшы Е.Бекмаханов «қазақ халқының жауы» болып жарияланды. А.Черниченко оның есебін «Правданың» бас редакторына жіберді, ал ол 13-наурыз күні Ильичевтің ілеспесімен Сусловқа жеткізіліпті.

«Бүйрегіңді бересің бе?» - Ащы да болса қазіргі заманның сұрағы осы. Өйткені, күн санап денсаулығы сыр беріп ішкі органдарының жарамсыздығынан, басқа сау адамның мүшесіне мұқтаж жандардың қатары артып келеді.

«”Хрусталь” балаға жәрдемдесуге ниет танытты» -  Алматылық компания сирек дертпен ауыратын семейлік Уәлихан Серікқалиевке жәрдем беруге ниет білдірді. Әкесі сүйегі өте осал ұлының медициналық көмекке зәру екенін айтады.

«БҰҰ Ілиясовты Қазақстанға кіргізуді бұйырды» - БҰҰ адам құқығы комитеті «мемлекеттік қауіпсіздікке қатер төндіреді» деген уәжбен ҰҚК Қазақстанға кіргізбей қойған Ресей азаматы Тимур Ілиясовтің пайдасына шешім шығарды. Оның отбасы Қазақстанда тұрған еді.

AZATTYQ. ORG       «Тілшілерді өлтіргендердің 90 пайызы жазаланбайды» - Кейде қылмыскерлер әрекеттері әшкере болып қалмау үшін ізіне түскен журналистердің көзін жояды. Оларға тілшіні өлтіру түкке тұрмайды, өйткені мұндай қылмыстардың 90 пайызы ашылмай қалады.

«”Хрусталь” балаға жәрдемдесуге ниет танытты» -  Алматылық компания сирек дертпен ауыратын семейлік Уәлихан Серікқалиевке жәрдем беруге ниет білдірді. Әкесі сүйегі өте осал ұлының медициналық көмекке зәру екенін айтады.

SERKE.ORG.  «”KAZsport” телеарнасының директоры алысқа шаба ала ма?» - «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарайтын «KAZsport» телеарнасында дау басталды. Эфирге шыққанына бір жылдан сәл-ақ асқан телеарна директоры Диас Ахметшәріп қызметінен алынып тасталып, директордың міндетін уақытша атқаруға Павел Цыбулин тағайындалды.

NUR.KZ        «Қазақстанда келесі президент атануы мүмкін адамдардың есімі белгілі болды» - Саяси элитадағы қай тұлғаның келесі мемлекет басшысы болуға мүмкіндігі зор. "Рейтинг.кz" зерттеу агенттігі күллі қазақты алаңдатқан сауалға жауап алмақ болып, сауалнама жүргізген деп жазады сайтқа сілтеме жасаған Ult.kz порталы.

3 қараша 2014, 08:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.