ALASHAINASY.KZ «Хан Кененің бас сүйегі Омбы, Мәскеу, Санкт — Петербургтің бірінде?» - Жақында ғана Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1837–1847жж.) жөнінде Омбы облысының Мемлекеттік тарихи қорындағы (ООМТҚ) мұрағаттық істерде «ҚҚА» грифі бар құжаттар пайда болды.
AIKYN.KZ «Теріс әсер ететін туындылар» - Адамның күш-қайратын сіңіріп алатын энергетикалық «вампирлер» туралы естіген боларсыз. Ғылыми тұрғыда дәлелденбесе де, көзге көрінбейтін бұл құбылысты ешкім жоққа шығармайды.
AZATTYQ. ORG «ОА “жиһадшылары” ИМ-ге адал болуға ант берді» - Сирияда соғысып жатқан Орталық Азия содырлары «Ислам мемлекеті» экстремистеріне қосылды. Көбі - «Катибат әл-Имам Бухари» тобының өзбек сарбаздары. Олар ИМ-ге адал болуға ант берді.
«Кіші Аралды толтыру – Қазақстанның Аралды сақтауға қосқан үлесі» - Жуықта NASA Арал теңізінің шығыс бөлігі толық тартылып біткенін хабарлады. Суалып бара жатқан теңіздің экологиялық зардабы маңындағы елдерді уайымға салып отыр.
«Аты-жөнсіз кейіпкерді сөккен журналист сотқа тартылды» - Балқаш қаласының тұрғыны жергілікті газет тілшісін «маған жала жауып, тіл тигізді» деп сотқа берді. Баспасөзді қорғау ұйымы мұндай айыппен сотқа тарту жиілеп кеткенін айтады.
ABAI.KZ «Ұлттық идеологияның темірқазығы – мемлекеттілік» - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана қаласы әкімдігінде сөйлеген сөзін қалың жұртшылық зор ықылас сезіммен қабылдап, қызу талқылауда. Әсіресе, Президенттің Астана активімен кездесу кезінде 2015 жылы елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатындығы туралы мәлімдемесі ақпараттық кеңістіктегі негізгі тақырыпқа айналды.
«Жалдамаланы жалдау – қылмыстық жауапкершілік» - Ауғанстан мен Ирактың, Сирия мен Украинаның оңтүстік-шығысындағы қарулы жанжалға қатысып жүрген қазақстандық азаматтардың әрекеттері туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Үндеу жариялады. Бас прокуратураның Үндеуінде жалдамалылар мен жалдамалыларды соғыс қимылдарына тарту қылымыстық жауапкершілікке тартылатындығы айтылаған.
QAZAQUNI.KZ «Қоянды халқы Кулагиннен қорлық көрдік деп отыр» - Астанадан 17 шақырым жердегі Қоянды ауылы тұрғындарының 80 пайызы Моңғолия мен Қытайдан көшіп келген ағайын.
JASQAZAQ.KZ. «Ақшаға тапталған ар» - Ақша үшін ардан аттау әдетке айналып бара жатыр. Тіпті көк қағаздың құлы болған жандар ұлттың арын, қазақтың намысын аяққа таптаудан арланбайды.
«Құдық басында қысқан шөл» - Соңғы кездері жанар-жағармай тапшылығы жиі көрініс беретін болды.
QASYM.KZ «Қазақ жеріне казактар қалай келді?» - Түркістан өлкесін тұтас отарлап, билікті қолға алғаннан кейін Ресей бұл жердегі түркі халықтарын мәңгі бодандық бұғауда ұстаудың саяси-әлеуметтік жолдарын қарастыра бастады.