Атырау, 23 желтоқсан 14:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Шекараны бұзған шошқалар

2 839 просмотра

  57 жастағы Гүлстан НҰРМАХАНОВА біз барғанда  Кеңөзек селолық округінің  Зарослый ауылындағы егістік алаңында жүр екен. Ол қолына айырды қысып, шаруасын жайлап  жатты.

Биылғы жылы шаруашылық иесі он сотық жерге қияр отырғызып, жартысына қызанақ пен пияз, қалған жеріне қауын мен қарбыз екті. Алайда, аяқ астынан жік шықты. Алғашқы өнім піскелі түнгі мезгілде егіс алаңын жабайы қабандар аралайтын болған.

«Олар біраз жерді бүлдіргенімен, биылғы жылы өнім мол болып тұр. Еңбегімнің шошқаларға бұйырғанын қаламаймын. Бұл жерде жабайы қабанның үш үлкені және жиырма шақты торайы бар. Шошқалар тұмсығымен торды бұзып кіреді», - деп әңгімелейді ол.

Көршілерінің айтуымен Гүлстан апай қабандар егінге кірген кезде сылдырлаған дыбыстың алыстан естілуі үшін соқаларға металл нәрселерді, қалбырларды іліп қойды. Алайда, одан көмек болған жоқ. Балалар күндіз қабандардың Перетаска каналынының қарсы бетіндегі жағалауда бұталардың арасында тығылып жататынын байқаған, ал, түнде шаруашылыққа қарай қоныс аударады. Гүлстан Нұрмұханова үйдегі балаларының қолдарына қару алуына рұқсат етпей, аңшылардың келуін тосуда.

Облыстық аңшылар қоғамының төрағасы Ғайнат ҚУАНҒАЛИ қазір қабандарды атуға болмайтындығын ескертеді, оларды аулау маусымы қарашада басталмақ. Бұдан басқа, жабайы шошқаларды атуға қатаң лимит қойылған, оны бұзушыларға ірі айыппұл салынады екен. Бас аңшы Гүлстанға бір-екі ит ұстауға кеңес берді, иттен жабайы шошқалар сақтанады екен.   

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

4 тамыз 2011, 23:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.