Атырау, 19 желтоқсан 13:53
 бұлттыВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Мұнайдың арзандауы - Путинге қатер". "Украина сайлауынан шығатын 10 қорытынды". "Рахат Әлиевтің досы Қазақстанға қайтып келмекші". "Құлдыраған бағадан қауіп бар". "Әкімдерді ғарыштан бақылағаннан пайда бар ма?".

1 684 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Мұнайдың арзандауы - Путинге қатер» - Америка сарапшылары мұнай бағасы 2016 жылға дейін үздіксіз арзандай беруі мүмкін деп болжайды.

«Қызылорда мал ұрлығы жағынан алда келеді» - Қазақстанның өзге облыстарында мал ұрлығы фактісі азая түссе, Қызылордада керісінше мұндай қылмыс көбейіп кеткен.

«Украина сайлауынан шығатын 10 қорытынды» - Украин сайлаушылары президент Петр Порошенконың үкіметіне Еуропа Одағына бет түзеуді түбегейлі аманат етті. Дегенмен қазанның 26-сы күні өткен тарихи сайлаудың түйткілді тұстары да бар.

ABAI.KZ. «Немцов: Украина... оралмайды» - «Украинаны Ресейге байлап Кеден одағына кіргізуге күш салды. Бірақ бәрі керісінше болып шықты. Украина еуропалық векторды таңдады, енді ол Путиннің ықпалындағы орбитаға оралмайды».

SERKE.ORG. «Рахат Әлиевтің досы Қазақстанға қайтып келмекші» - Кезінде Рахат Әлиевтің баспасөз құралдарын басқарған, оның әрбір сұхбаты мен мақаласын, атышулы кітабын жазуға көмектескен журналистер – Андрей мен Александр Шуховтар Қазақстанға қайтып оралғысы келетін сипат танытып жатыр. Ағайынды Шуховтардың үлкені – Венада тұратын Андрей (суретте) осы жылдың шілде айында «Өлі досыма хат» атты мақала жазып, Рахат Әлиевке деген өкпе-назын астарлап жеткізген еді. Өткен аптада ол Рахат Әлиевпен ат құйрығын кесіскенін дәлелдеу мақсатында Ratel.kz сайтына тағы да көлемді сұхбат берді».

AIKYN.KZ. «Ортақ қаражат ой салды» - Келешекте Кеден одағында бірыңғай төлем жүйесі құрылуы мүмкін. Ресей бастамасын іле-шала Беларусь банкирлері қолдай кетті. Қол алысқан 3 мемлекет свифтке баламалы түрде жүйені де іске асыруды көздеп отыр.

«Құлдыраған бағадан қауіп бар» - Осыдан біраз жыл бұрын Батыс экономистері «2013-2014 жылдардан бастап қымбат болып тұрған мұнай дәурені аяқталады. Бәлкім, ол кем дегенде 10 жылға дейін созылуы мүмкін» деген болжам айтқан еді. Бірақ ешкім мән бере қойған жоқ.

ALASHAINASY.KZ. «Бастауыш сынып оқушыларының басын ғылыммен қатыру қажет пе?» - Еліміздегі ең бастамашыл министрлік тағы бір бастама көтерді. Бұл жолы Білім және ғылым министрлігі Корея Республикасының үлгісін алмақ. Яғни «баланы бастан» деген қағидаға сүйеніп, балаларды жастайынан ғылымға баулуды қолға алмақшы. Ол үшін бастауыш сынып бағдарламасына «Ғылымға кіріспе» пәні енгізілетін болады.

«Әкімдерді ғарыштан бақылағаннан пайда бар ма?» - Биылғы астық жинау науқаны жергілікті әкім-қаралардың тағы бір «қулығын» әшкереледі. Оны «қулық» емес, «қылмыс» деп атаған дұрыс сияқты. Мәселен, солтүстік өңірлерде ауа-райы қолайсыздығынан астықтың тек жартысы ғана жиналса да, өңірдің атқамінерлері жұмыстың 90 пайызын атқардық деп масайраған.

29 қазан 2014, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.