Атырау, 23 желтоқсан 14:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Жаңашыл» жастар жобасы үкіленді

3 468 просмотра

Атырауда «Инновациялар арқылы дамуға» атты жастар инновациялық жобаларының  облыстық конференциясы өтті. Мұндай жоба біздің облысымыз ғана емес, барша республикамыз үшін үлкен жаңалық болды. 

Байқауға қатысуға өтініштерді ұйымдастырушылар маусым айында-ақ қабылдай бастаған еді. «Біздің облысымыз мұндай байқауларды өткізу ісінде пионер болды деуге болады, өйткені, республика бойынша мұндай шараны өткізу тәжірибесі еш жерде болған жоқ. Сондықтан да оның бастамасының қандай болатындығын, қатысушылардың саны жалпы қанша болады, 200 не 300 бола ма, тіпті болмай қала ма, біз білгеніміз жоқ?! Негізгі үміт артушыларымыз – жоғары оқу орындарының түлектері болды. Өйткені, олар сол кезде өз диплом жұмыстарын тапсырып жатқан болатын. Және олардың жұмыстарының инновациялық жоба болатындығы да күмәнсіз еді. Барлығы 30-дай өтініш берілді. Олардың тек жартысы ғана байқау талаптарына жауап бере алды», - деп әңгімелейді Атырау облысы бойынша «Жас Отанның» атқарушы хатшысы Мейірім ҚАЛАУИ.  Байқау талаптарына сәйкес жұмыстар 5 бағыт: экология, мұнай өнеркәсібі, агроөнеркәсіпті кешен, сауда және қызмет көрсету саласы, қоғамдық-саяси және әлеуметтік салалар бойынша қабылданды. Ұйымдастырушылардың алғашқы жоспарларында осы санаттардың әрқайсысы бойынша жеңімпазды анықтау мақсаты болды, алайда, қатысушылардың саны мұндай таңдау жасауға мүмкіндік бермеді. Сондықтан да инновациялық жобалардың алғашқы конференциясында үш жеңімпаз ғана анықталды. Бірінші орындыҚ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің студенті Айзат НАСЫРОВ жеңіп алды. Оның жобасы «Каспий маңы мұнай-газ кен орындарындағы парамагнитті белгілердің табылуы» деп аталды. Екінші орын «Мұздыбұлақ- туризм болашағы» деген жұмысыменХ.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Айымзада САНДЫБАЕВАҒА бұйырды, үшінші орынға №27 мектептің оқушысы Әйгерім САУЛЕН ие болды. Ол сыртқы жарнама мен түрлі дүкендердің қазақша атауларының қателіктеріне талдау жасай отырып, ауқымды жұмысын ұсынды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 тамыз 2011, 23:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.