Атырау, 23 желтоқсан 15:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Индерде православиелік ғибадатхана ашылды

3 701 просмотра

  Атырау облысының Индер ауданы орталығында қайырымды жандар мен ауылдың тұрғындарының қаржысына әулие Николай Чудотворецтің  ғибадатханасы тұрғызылды.

Таяуда жаңа ғибадатханаға Орал және Гурьев архиепископы Антоний бас сұқты. Дәріптеу рәсімдерінен соң ол ғибадатханаға Николай Чудотворецтің үлкен суретін сыйға тапсырды да, келген кісілерге уағыз айтып, оларды ғибадатхананы күтіп ұстауға шақырды. 

«Бүгінгі күнге дейін біздер тұрғын үйлердің біріндегі ғибадат бөлмесінде мінәжат етіп келдік, – дейді православиелік индерліктер. – Көп адамдар дінге қосыла бастады. Ауылдың жастары да қатарға қосылды. Ал бір бөлмеге мінәжат етушілердің барлығы бірдей сыйып кете алмайтын болды. Сондықтан ғибадатхана құрылысы біз үшін өте қуанышты әрі көп күттірген оқиға еді. Енді ауыл тұрғындары Құдайға құлшылық ету үшін қаладағы 200 шақырымда орналасқан Успен соборына барып жүрмейтін болды».

Индер поселкесіндегі Николай ғибадатханасында алғашқы кездері Құдайға құлшылық ету рәсімдерін Успен соборының дін қызметшілері (священниктер) жүзеге асырады. Алайда, архиепископ жуық арада аудандық ғибадатхананың дін басшысын тағайындайтынына уәде берді.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген Н. Гущин

4 тамыз 2011, 23:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.