JASQAZAQ.KZ. «”Біржан-Сара” жайлы ақиқат» - Қазақ әдебиеті мен өнері тарихында ақтаңгер әнші-композитор Біржан Сал мен қазір Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына баратын жол бойында ескерткіші тұрған ақын Сараның өзіндік орны бары айтпаса да түсінікті.
«Реформа науқаншылдыққа ұласпауы қажет!» - Ең бастысы – реформа кезекті науқаншылдыққа ұласпауы қажет. «Реформа» деген сөздің өзі қоғамда енжарлық пен сенімсіздік туғызады. Білім беру саласындағы бірде-бір реформа соңына дейін жүргізілген жоқ.
AZATTYQ. ORG «Әлеуметтік желіде “жиһадқа” шақыратын “қыздар”» - «Одноклассники» деген танымал әлеуметтік желіде жас жігіттерді «жиһадқа» шақырған хабарламалар тарады. Ондай парақшалар жабылып жатыр.
«Сириядағы соғыста жүрген қырғызстандықтар» - Сирияда соғысып жүргенн «Ислам мемлекеті» тобына Қырғызстан азаматтарының қосылып жатқанына сарапшылар алаңдаушылық білдіреді. Бірақ экстремистер жағында нақты қаншасы жүргені белгісіз.
«Әблязовты экстрадициялау үкімін түрліше бағалады» - Қазанның 24-інде Франциядағы Лион соты қазақстандық олигарх Мұхтар Әблязовты Ресей мен Украинаға экстрадициялауға санкция берді. Қазақстандық саясаткерлер түрлі реакция танытты.
«Құрылыс қоршауының ар жағындағылар» - Ұлыбританиялық ғалым Қазақстандағы орталық азиялық еңбек мигранттарының айқындалмаған мәртебесі мен заңдағы олқылықтар туралы зерттеуін шығарды. Азаттықтың сұхбатын оқыңыздар.
«Украинаның шығысында да ресейшілдер азайды» - Украиналықтардың ЕО, Ресей және НАТО-ға деген көзқарасында қандай өзгерістер болып жатыр? Донбаста әлеуметтік сауалнама жүргізу мүмкін бе? Украинада компартияны қолдаушылар неге азайды?
NAMYS.KZ «Мырзатай Жолдасбековтың атынан жалған сөйлеген» - Жуырда ел алдында жүрген бірқатар азаматтар (олардың ішінде Несіпбек Айтұлы, Қабдеш Жұмаділов те бар) Мырзатай Жолдасбековтың қандастарға қарата айтқан сөзіне байланысты шулап қоя берген болатын.
ALASHAINASY.KZ «Көмір сыртқа су тегінге кетіп, халыққа тым қымбатқа сатылып жатыр» - Қазір республика бойынша көмірге талас қызып тұр.
«Боза баптау ұмытылып барады...» - Әрі тамақ, әрі сусын, әрі бойды қыздырар қуаты бар бозаның ұмытылып бара жатқаны жасырын емес. Бүгінде жер-жерлерде өткізіліп жатқан көкпардың көрігін қыздырып, әрі саудасы жүретін де осы сусын.