Мәжілісте «Нұр Отан» партиясының фракциясы мен салалық комитеттер, сарапшылар және ірі мұнай-газ компанияларының өкілдерінің бірлескен отырысы өтті.
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖӘНЕ «МАРСҚА ҚОНУ»
Отырыста Теңіз, Қарашығанақ және батыс Қазақстандағы СNPC кен орындарындағы жобаларға инновациялар енгізу және қазақстандық мазмұнды арттыру туралы мәселелер қаралды. 60 ірі жер қазбаларын пайдаланушы компаниямен бірге NCOC-тың (Қашаған жобасы) екі менеджері шақыртылды, алайда олар отырысқа қатысқанымен бір ауыз сөз айтпады, тек өздерінен гөрі жолы болыңқыраған әріптестерінің тәжірибелерін тыңдаумен болды.
Энергетика министрі Владимир ШКОЛЬНИК Энергетика министрі Владимир ШКОЛЬНИК еліміздің әлі күнге дейін минералдық ресурстарды өндіруді арттыруға, сондай-ақ геологиялық расталған қорларды толтыруға басымдық беріп отырғанын растады. Әзірленіп жатқан Жер қазбалары туралы кодекстің жаңа тұжырымдамасы геологиялық барлау және содан кейін жер қазбаларын пайдалану құқығын беру тәртібін түбегейлі жеңілдетеді деп күтілуде. Энергетика министрлігі тұжырымдама мәтініне бір гектар және одан да үлкен алаңды барлауға өтінім берген бірінші инвесторға әрі қарай табылған кен орнын игеруге басымдық құқық беретін австралиялық кодексі негізге алынғанын теріске шығармайды.
Геологиялық барлауға инвестиция салудың өсімі мұнай-газ саласында да күтілуде, мәселен, алдағы 3 жылда «Қазмұнайгаз» ұлттық мұнай компаниясы дәлелденген мұнай қорларын 880 миллионнан 1,4 миллиардқа өсіру үшін 5 миллиард долларға жуық қаржы салмақшы. Министр Атырауда ұсынған Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің «Еуразия» жобасы туралы да айтып өтті және осы техникалық жағынан ерекше аса терең барлау бұрғылау жобасын «Марсқа қонумен» теңеді.
- Мұнайдың 70 пайызы жер қыртыстарында қалады, - деді министр. Ол кейбір кен орындарының өзіндік ерекшеліктерін есепке ала отырып, болашақта мұнай алуды «норвегиялық» 50 пайызға арттыруға болады деп есептейді екен. Школьник мұнай саласына қауіп төндіретін құбылыстардың бірін «энергетикалық каннибализм», яғни, энергияларды алуға арналған қуат көлемінің шамадан тыс артуы деп атап өтті. Егер мұнай алу саласы жаңа басталып жатқан кезде үш жүз бөшке шикізат алу үшін бір бөшке мұнай пайдаланған болса, қазіргі мұнайшылар бір бөшкені пайдаланып, тек 15-20 ыдыс шикізат алады. Министрдің пікірінше, Қазақстанда өндірілетін мұнайдың өзіндік құнының қымбаттауы көптеген адамдар үшін күтпеген жағдай – бүгінгі таңда көмір өнеркәсібіне классикалық мұнай саласымен тікелей бәсекелестікке түсу мүмкіндігін береді.
«ӘЛЕУЕТІ ҮЛКЕН САЛА»
Владимир Школьник қазақстандық көмір кен орындарының әлеуетін «адам нанғысыз» деп атады. Мұнда бүгінде 34 млрд тонна көмірдің бар екені расталды, ал болжалды алынатын қорлар 300 млрд тоннаны құрайды. Бұдан 70 жыл бұрын көмірден алынған синтетикалық мұнайдың қолданылғанын еске салып кетті. Министрді толықтыра түсейік: 1944 жылдың көктемінде Германия көмірді гидрогенерациялау жолымен синтетикалық мұнай алу өндірісін 6 миллион тоннаға жеткізді, алайда мұнысымен де өз армиясының отын тапшылығы проблемасын шеше алмады.
- Торғай бассейнінде 60 миллиард тонна көмірді өңдеу бірнеше Қашағанмен теңесетін көлемде синтетикалық мұнай алуға мүмкіндік береді,- деп хабарлады таң қалған мұнайшыларға энергетика министрі. Ол мұнайшыларға мұны үкіметтің кезекті «іске аспайтын жобасы» емес, үлкен бәсекелестік қауіп екенін жанамалап түсіндіргендей болды, өйткені «Фишер-Тропшаның газ-химиялық процесін қолдана отырып, бір тонна көмірден 600 литрге жуық синтетикалық мұнай алуға болады». Синтетикалық мұнай өндірісіндегі инвестицияның өтелімділік кезеңі өте қысқа және, министрдің айтуынша, кейбір жағдайларда бұл өндірістің үшінші жылында-ақ жүзеге асуы мүмкін!
Отырыс аяқталғаннан кейін Владимир Школьник «АЖ»-ға Қазақстанда осы технологиялармен қатар қазір Қарағанды көмір бассейнінен метан газын алу бойынша зерттеулер жүргізіліп жатырғанын растады. Ол, сондай-ақ, Астананы газдандыруда Қазақстанның батыс өңірлерінен құбыр желілерін жүргізгеннен гөрі Қарағандыдан тартқан тиімді деп есептейді. Сонымен қатар, алғашқы «тақтатасты» (сланец) жобаның кейбір техникалық жай-жапсары 2015 жылдың басында-ақ белгілі болады деп сөз берді.
Ал мұнай саласына келсек, энергетика министрлігінің есептеуі бойынша жаңа МАК әдістерін (мұнай алуды арттыру) енгізу қазір алынып жатқан көмірсутегі қорлары көлемін 15-20 пайызға арттыруға көмектеседі. Школьниктің айтуынша, «Қазмұнайгаз» «Шеллмен» біріге отырып, ұңғымалардың сулануымен күресуге арналған инновацияларды енгізу және оларға мониторинг жасаумен қатар, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ базасында әлемдік деңгейдегі геохимиялық зертхана салу жоспарланған «жол картасын» әзірледі.
«ЕРТЕ ТЕНДЕРЛЕР» АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Министрлік мұнай компанияларына қазақстандық мазмұн бойынша ұлттық талаптарды сақтамағаны үшін 128 миллион айыппұл салды, өйткені бұл көрсеткіштің 75 пайыздан 69-ға төмендегені тіркелген. Алайда, жалпы алғанда, көңіл жұбатарлық: соңғы жылдары мұнай және газ өнеркәсібінде жергілікті өнімдер мен қызметтерді сатып алу көлемі 80%-ға артып, 2,7 миллиард теңгеге жеткен.
Энергетика министрінің пікірінше, қазақстандық өнеркәсіп агрессивті ортада жұмыс жасайтын өнімдерді шығаруға бағыт алғаны жөн, өйткені саланың барлық тапсырыстарының 70 пайызы маңызды үш «тұз асты» компаниялардың үлесіне келеді екен.
Ол «Теңізшевройл» ЖШС-ті madeinKZ тауарлары мен қызметтерін сатып алу бойынша көшбасшы деп есептейді, алайда «Қарашығанақ-1 дамыту жобасы» үшін «ерте тендерлер» тәжірибесін бастаған Қарашығанақ жобасының операторы КПО БиВи-ді ерекше атап өтті. Алдын ала жасалған келісімшарт бизнесмендерге қажет болған жағдайда банкке хабарласып, Қарашығанақ үшін қажетті тауарларды Қазақстанда өндіруді ұйымдастыруға уақыт береді. Школьник осы тәжірибені қолға алып, өз жұмыстарың мен сатып алуларыңды 5-10 жылға алға жоспарлауға шақырды.
ТЕҢІЗ КҮКІРТІ БРАЗИЛИЯҒА ДЕЙІН ЖЕТТІ
Үкімет және халықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Ризабек АРТЫҒАЛИЕВМұнайшылардың ішінен бірінші болып «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Теодор ЭТЧИСОН сөйледі. Ол дайындап әкелген сөзін мұқият оқыды, алайда осыдан кейін болған талқылау кезінде үндемей, үкімет және халықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Ризабек АРТЫҒАЛИЕВҚА толықтай сенетінін білдірді. Ол компанияның экология саласындағы табыстары мен компаниясының бюджетке көптеген миллиард төлем жасап жатырғаны туралы қазақстандықтарға кезекті рет айта келіп, 2015 жылы «ТШО»-ға қоршау салып беретін «Уральскагрореммаш» машина жасау зауыты, оларға фитингтер мен фланецтер жеткізетін «Казнефтемаш» ЖШС, «Зениттехсервис» ЖШС және «Атыраунефтемаш» сияқты жергілікті өндірістерді атап өтті. Атыраулық компания жобаны жүзеге асыру үшін 2014 жылғы сәуірде италяндық технология бойынша қалыптама материалдарын өндіру цехының құрылысын бастап кетіпті.
Алдағы жылдары ТШО-ға құбырлар, фланецтер, фитингтер, электр жабдықтары, көлік құралдары, электр кабельдері керек болады. Қазіргі уақытта жергілікті және бірлескен кәсіпорындардан қалдықтарды кәдеге жарату, бұрандама, шеге, химиялық реагенттер, татануға қарсы материалдар, клапандар және инженерлік-техникалық қызметтер сатып алу мүмкіндіктері қарастырылуда. Осы компанияларға Теңіздегі жаңа жобаларды жүзеге асыру барысында жалпы сомасы 7 миллиард доллар болатын келісімшарттар беріледі деп күтілуде.
Депутат Асхат БЕКЕНОВ«КПО БиВи» сервистік қызмет ету жөніндегі директоры Серкит КРИСТОФЕР 2013 жылы барлық тапсырыстардың жартысын Қазақстанға (461 миллион долларға) салғандығын хабарлады, алайда Қарашығанақтағы «ерте тендерлер» туралы тіс жарып ештеңе айтпады.
«CNPC» ЖШС бас директорының орынбасары Пэй ЦЗЯНЬШЕНЬ «тұрып жатқан еліне қызмет ету» қытайлық стратегия туралы еске салып, ол да «біз Қазақстанның үш облысындағы салық төлемдерінің қомақты үлесін қамтамасыз етіп отырғандығын» еске салып кетті. Ол, сондай-ақ, Қытай газ құбыры арқылы оңтүстік Қазақстанды жылытуға 2 миллиард текше метр газ жібергендері туралы да айтуды ұмытпады. Ол алдағы он жылдық Қазақстан үшін «ұмтылыс кезеңі» болатынына сенімділігін айтты және бізді әлемнің жетекші 30 елінің қатарынан көреді екен.
Депутат Асхат БЕКЕНОВТЫҢ күкіртті кәдеге жаратудағы инновациялар туралы сұрағына жауап берген ТШО өкілі Ризабек Артығалиев «Қазмұнайгаз» ҰК-ның «ҚМГИ» институтымен бірлесе құрамында күкірті бар материал бойынша зерттеу жүргізілгенін және қазіргі уақытта бәсекелестік өзіндік құнға (мәселен, күкірт асфальтты классикалық жол салу технологияларымен салыстырғанда) қол жеткізгілері келетіндігін айтты. Теңізшевройл коммерциялық күкіртті де сәтті сатып жатыр екен, ол әлемнің 28 еліне экспортталып, «Біз Бразилияға да жеткен» екенбіз.
СЫЛТАУ, БОЛЖАМ ӘЛДЕ УӘДЕ МЕ?
Мәжіліс Парламенті төрағасының орынбасары Дариға НАЗАРБАЕВА Мәжіліс Парламенті төрағасының орынбасары Дариға НАЗАРБАЕВА үш ірі мұнай компаниясына Қазақстанның парламентариясына «тілектес әріптес» ретінде қарауды өтініп, олармен арадағы ынтымақтастық «кемінде 60-70 жылға» созылатынын кездейсоқ мәлімдеді. Естеріңізге салсақ, «Теңізшевройлмен» жасалған келісімшарт 2033 жылдың 6 сәуірінде аяқталса, Қашаған бойынша 1997 жылғы 18 қарашада жасалған ӨБК коммерциялық өндіруден бастап 20 жылдық игеру және өндіру кезеңін екі рет 10 жылға созу құқығымен белгіленген еді.
Іс-шара аяқталғаннан кейін ТШО бас директорының м.а. Теодор Этчисон «АЖ» some questions сұрақтарына жауап беруден бас тартып, оны тез арада Ризабек Артығалиевтың кең иығы «жаба» қойды. Ал ол өз кезегінде газеттің барлық сұрақтарына «Алматыда 7 қарашада өтетін журналистермен кездесуде» нақты жауап беруге сөз берді. Алайда, сол күні сұрақтарға нағыз бас директор Тим МИЛЛЕР жауап беретін болар.
Жасұлан КӨЖЕКОВ, меншікті тілші, Астана қ.
Суретті түсірген автор
23 қазан 2014, 20:37