Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Тасмағамбетовті қорғаныс саласында не күтіп тұр?». «Украина соғысы құрбандарын еріктілер іздейді». «Тәжік пен қырғыз ИМ-нен секемденіп отыр». «Әбілязов өзіне тықыр таянғанда өтірік айтып жіберді». «Серік Ахметов неге қызметсіз қалды?».

2 627 рет қаралды

ALASHAINASY.KZ     «Қытайдағы қазақ студенттері бұзылып бітті!» - Мен бұл хатты өзім өмірімде көрмеген, Қазақстандағы бейтаныс бір құрбыма бағыттап жазып отырмын (әрине қазақ қызы) сен өмірде барсың ба, жоқсың ба, оны білмеймін.

«Қазаныңызда қойдың емес, шаянның басы қайнап жатқан жоқ па?» - Мөңке би атамыз ақырзаман таяғанда қазақтың ұрпағы ұсақталып, бақа-шаянға айналады деп болжаған екен.

«Винокуров неге бұрынғы қателіктері үшін жауап бергісі келмейді?» - Халықаралық ареналарда Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүрген «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров ресейлік тілшілерге берген сұхбатында бұрын жасаған қателігі үшін өмір бойы жауап бергісі келмейтінін айтты, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

«Үндістан шаһзадасының Тәуке ханға жазған хаты табылды» - Үндістан шаһзадасының қазақтың ханы Тәукеге жазған хаты табылды, – деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы «Қазақстан» ұлттық арнасына сілтеме жасап. Сондай-ақ, Ұлы Жібек жолының Орталық Қазақстан арқылы өткен жаңа бағыты туралы деректер табылған.

«Қалаулылардың қаупі бекер емес» - Парламент депутаттары Үкімет басшысынан қиындыққа жолыққан заемшыларды жалғыз үйінен айыруға мораторий жариялауды сұрайды.

«Тасмағамбетовті қорғаныс саласында не күтіп тұр?» - Кеше жоғарғы билікте кезекті ауыс-түйіс болды. Иманғали Тасмағамбетов Астана қаласының әкімі қызметінен кетіп, Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Осыған орай «Алаш айнасы» басылымы «Иманғали Тасмағанбетовті қорғаныс саласында не күтіп тұр?» деген сауалға жауап іздеп көрген еді.

TURKYSTAN.KZ    «Майлы еттің мың түйткілі» -  Экспортқа ет шығарудан бұрын, ішкі нарықты қамтамасыз ету жағын ойлау керек.

«Журналистердің баспана мәселесі шешімін таба ма?» - Ардың ісін арқалаған төртінші билік өкілдеріне қатысты жақында Сенаттан Үкімет басшысына депутаттық сауал жолданды.

AZATTYQ. ORG     «Украина соғысы құрбандарын еріктілер іздейді» - Елдің шығысындағы соғыста опат болғандарды табуды жалғыз еріктілер ұйымы ғана мойнына алған. Олар сепаратистермен соғыста қаза тапқан 150-ден астам сарбазды жерледі. 

«Тәжік пен қырғыз ИМ-нен секемденіп отыр» - Қырғызстан мен Тәжікстан ақпарат құралдары Сирия мен Иракта күш алып бара жатқан ИМ экстремистік ұйымының аймаққа төндіретін қатері туралы жиі жаза бастады.

«Қазақ мемлекеттілігі хақындағы Назарбаев пікірінің “эволюциясы”» - Қазақта мемлекет болмағанын айтып жүрген Нұрсұлтан Назарбаев енді «қазақ мемлекеттілігіне 550 жыл толғанын» мәлімдеді.

SERKE.ORG.  «Әбілязов өзіне тықыр таянғанда өтірік айтып жіберді» - Францияның Лион қаласының сотында Мұхтар Әбілязов тағы да құйтырқы әрекетке көшті.

ABAI.KZ    «Серік Ахметов неге қызметсіз қалды?» - Сонымен Серік Ахметов Қорғаныс министрлігінің орынтағында да ұзақ отыра алмады. Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесу барысында Серік Ахметовтің отставкасын бірден қабылдағаны белгілі болды.

QAZAQUNI.KZ    «Серік Ахметов саясат сахнасынан кетуі мүмкін» - Қоғамда Астанадағы ауыс-түйістер қызу талқылануда. Жұрт әсіресе, соңғы жылдары Алматы мен Астананы басқарып, іскерлігімен ел аузында жүретін Иманғали Тасмағамбетовтің Қорғаныс министрі болып тағайындалуын ерекше қабылдап жатыр.

23 қазан 2014, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.