Атырау, 16 қазан 12:04
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Күкірт үймесі 800 мың тоннаға азайды

2 868 просмотра

«Теңізшевройл» компаниясы үстіміздегі жылдың бірінші  жарты жылдығында атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы баспасөз-релизін таратты. 

2008 жылдың аяғында компания өз қуаттылығын арттыруды аяқтады, соның нәтижесінде тәуліктік мұнай өндіру 75 мың тоннаға немесе 600 мың баррелге, ал, газ 22 млн. текше метр немесе 750 млн. текше футқа жетті.

Өткен жарты жыл бойынша ТШО 13 млн тонна (өткен жылы 26 млн тонна болды, яғни, биылғы қарқыны да сондай - М.С.) немесе 104 млн баррель мұнай өндіруге қол жеткізді. Олар КТК құбырлары арқылы Новороссийск портына, сондай-ақ, теміржол арқылы Одесса, Феодосия, Ақтау, Батуми және Кулеви порттарына жіберілді.

Сұйытылған газды сату көлемі жарты жылда 664 тоннаны, құрғақ газ 3,4 млрд текше метрді құрады. Осы кезең аралығындағы күкірт өндірісі 1,1 млн тоннаға жетті. Осыған байналысты Қазақстандағы, Ресей мен Украинадағы және Қытайдағы сатып алушыларға 1,9 млн тонна күкірт өткізілді (800 мың тоннадай күкірт кен орындарындағы қорларда жинақталған күкірттен сатылды). Енді Теңіз кенішінде ашық аспан астында 4,9 млн тонна қалып отыр.

ТШО-ның мемлекет қазынасына жарты жылдағы төлеген төлемдерінің мөлшері 7 млрд долларды құрайды. Бұл төлемақы мөлшері өткен жыл бойынша 9,6 млрд долларды құраған болатын.

Ең бастысы баспасөз-релизінде өткен жарты жыл ішінде өндірілген мұнай тоннасының шығарылу көлемінің орташа үлес салмағы 2,14 килограмды құрады деп көрсетілген. 2000 жылдан бастап 2011 жылдың бірінші жарты жылдығына дейінгі технологиялық компрессорлар желісіндегі техникалық іркілістер саны 88%, ал, жағылған, оның ішінде қышқыл және шикі газдың көлемі 94% қысқарды. Іс жүзінде ТШО сағат тілі секілді, ешқандай іркіліссіз жұмыс істей алады, яғни, бұл тұрақты да тамырын кеңге жайған компания ғой!

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 тамыз 2011, 22:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.