Атырау, 23 желтоқсан 14:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

ХҚКО қызметкерінің жұмысы алақандағыдай көрінетін болады

3 368 просмотра

Халыққа қызмет көрсету орталықтарын (әрі қарай - ХҚКО) модернизация күтіп тұр. Кезекте бірінші - Баймұханов көшесіндегі №1 облыстық ХҚКО-ның филиалы.

«Біз қызметкерлердің іс-қимылы келушілерге көрініп тұруы үшін барлық терезелерді алып тастаймыз. Мұндай жұмыс жүйесі қазір банктерде қолданылып отыр. ХҚКО-лар жұмысының тұрақты мониторингі бүгінгі күні ең көп сұранысқа ие қызмет түрі - төлқұжаттар мен жеке куәліктерді ауыстыру екендігін көрсетті», - дейді облыстық ХҚКО директорының орынбасары Тұрлан НҰРЖАНОВ. Оның пікірінше, осыған байланысты құжаттарды берумен айналысатын мамандардың санын көбейту қажет. Сол себепті қосымша бірнеше инспекторларды бөлу жоспарланған. «Одан бөлек, жылдың соңына дейін біздің қызметкерлердің клиенттермен жұмысына баға беретін арнайы жүйені енгізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін  ХҚКО-да компьютер алдында отырған қызметкердің жұмысын онлайн-режимде бақылауға мүмкіндік беретін арнайы жабдықты қондыртпақпыз. Ол жабдық арқылы қызметкердің компьютер экранындағы мәліметтердің бәрін келушілер де көре алатын болады, – деп толықтырды Т. Нұржанов. Мұндай жабдық қазір Астана ХҚКО-да сәтті жұмыс істеп келеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

4 тамыз 2011, 21:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.