Атырау, 23 желтоқсан 19:16
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Астанадан емес ауылдан өтуге болады

2 112 просмотра

Шілденің 1-інде әділет департаментінде нотариустар мен заңгерлер аттестациялаудан өткізіледі.

Департаментте түсіндіргендей, лицензиялау саласындағы өзгерістер бірінші кезекте әкімшілік кедергілерді қысқартуға бағытталған екен.

Нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына ие болудан үміткер тұлғалар әділет департаментінде құрылған аттестациялық комиссиядан өтеді. Ол үшін тұратын мекен-жайы бойынша арыз жолдаса жеткілікті. Осылайша, аттестациядан өту үшін Астанаға барудың қажеті болмай қалады.

Бұдан басқа, адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға құқық беретін комиссия құрамына әділет департаменті өкілдерінен басқа прокуратура өкілдері, депутаттар, адвокаттар, нотариустар мен құқық танушылар кіреді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

28 шілде 2011, 23:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.