AZATTYQ.ORG. «Тұтқын «СИЗО-да денсаулығынан айырылғанын» айтады» - Сотталған Диас Ақшаловтың әке-шешесі «баламыз тергеу абақтысында өлетін шығар» деп уайымдайды. Олар «медициналық көмек уақтылы көрсетілмей, баламыз түрмеде бірнеше ауыр дертке шалдықты» дейді.
"Қырымда халық санағы не үшін өтеді?" - Қырымда халық санағы өткелі жатыр. Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, "бұл ресми санақ емес". Ал кейбір жергілікті тұрғындар «санақ нәтижелерін бізге қарсы пайдалануы мүмкін» деп қауіптенеді.
ALASHAINASY.KZ. «Көріпкел мемлекеттік саясатқа ықпал ете ме?» - Мемлекеттің халықтан құпия ұстайтын Қарулы күштерден тыс тағы бір әскері бар. Олар - көріпкелдер қауымдастығы. Жыл сайын қорғаныс саласына қаражат бөлінген секілді бұл әскер түріне де мемлекет ұдайы жағдай жасап отырады, оны біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.
"Ойын бизнесін Алматыға қайта әкелу керек..." - Өткен аптада Мәжіліс «Ойын бизнесі» туралы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген заң жобасын мақұлдады. Бұдан былай жаңартылған заңға сәйкес көпқабатты тұрғын-үйлерден букмекерлік кеңселер ашуға тыйым салынады. Заңның осы бөлігіне сай алдағы уақытта Алматы мен Астана қалаларында тұрғын үйлерге қоныстанған мұндай ойын-сауық орталықтарының барлығына жабылу қаупі төніп тұр.
SERKE.ORG. «Борышкерлердің мәселесін қалай шешу керек?» - Алматыда қиындыққа тап болған банк борышкерлерінің тығырықтан шығу жолдарын қарастырған жиын өтті. Жиынның өтуіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) мен «Халық баспанасыз қалмасын» қоғамдық ұйымы мұрындық болды. Жиынға Шымкент қаласының «Үйімізді қорғайық» және Ақтөбе қаласының «Жалғыз баспана» атты қоғамдық бірлестіктернің өкілдері, қоғам қайраткерлері, банк борышкерлері қатысты.
JASQAZAQ.KZ. «Мұнай мен рубль-2» - Атауы айтып тұрғандай, өткен жетідегі тақырып бүгінгі әңгімеге өзек. Бұған әлеуметтің назарын баурап, еріксіз ойландыратын, түйткілімен көңілді аулап, көпшілікті толғандыратын жәйттер себеп. Елордада халық қалаулылары Еуразия экономикалық одағына қатысты келісімді бекітті. Мәскеудегі хабар-ошар құралдары бұған пәлендей мән бермеді. Сірә, Кремль ендігі жерде іргедегі елмен арадағы одақтан гөрі шешімі қиын түйінге көбірек бас қатыратын секілді.
ZHEBE.COM. «Шетел қазақтарынан «пиар» жасауды тоқтату керек!» - «Жаңа жылдан бастап шетелден келетін қазақтар енді 1 жылдың ішінде Қазақстан азаматтығын алады». Бұл туралы көктемде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ханымның аузынан естіген болатынбыз. Өйткені қазір Көші-қон туралы заңға көптеген өзгерістер ендірілуде.