Атырау, 10 қазан 16:38
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Чемпион шынымен кінәлі ме?

3 182 просмотра

Полиция белгілі спортшыны бұзақылық жасады деп айыптап отыр.

Оқиға шілденің 17-сінен 18-не қараған түні  Сырым Датов көшесінің бойындағы №31 үйдің маңында орын алған. Қос құрбымен көңілді уақыт өткізген екеу алған тән рахаты  үшін ақша төлемеуді ұйғарады. Алайда түнгі бикештер құқық қорғау органдарына өздеріне зорлық жасалды деген шағым түсірген. Ал әлгі тегін  ләззатқа батпақшы болған екеуді әлдекімдер сабап, травматикалық пистолеттен атқан. Кейіннен осының бәріне айыпты деген күдікпен жәбірленушінің бірінің көрсетуімен  джиу-джитсудан спорт шебері Рүстамбек ДЖИРЕНШИЕВ тұтқынға алынады.

- Мен баламның бұл іске қатысы жоқ екендігіне толық сенімім  болған соң редакцияға келіп отырмын, - деп шағымданады Рүстамбектің әкесі Бауыржан ДЖИРЕНШИЕВ. - Ол соттың алдымен 15 күнге, кейін  2 айға берілген санкциясы негізінде тамыздың 9-на дейін қамауда отыр.  

Рүстамбек Джиреншиевтің адвокаты Есен АТШЫБАЕВТЫҢ айтуынша, оның  қолындағы айғақтар спортшының бұл іске қатысы жоқтығын көрсетеді.

- Оған Қылмыстық кодекстің 257 бабының 3 тармағына сай  бұзақылық әркет жасады деп қылмыстық іс қозғалып отыр. Дегенмен жәбірленушінің жазған арызына сай оны түнгі сағат екіде ұрып-соғып, оқ атқан. Ал бұл кезде Рүстамбек Джиреншиевтің өзі істейтін «Сосса Моссо» кафесінде жұмыста болғандығын кафедегі бейнетаспа анықтап отыр. Қазір бұл таспа сараптауға жіберілді. Істің ақ-қарасын соттан күтеміз, - дейді ол.

Істі тергеп жатқан тергеуші Сапар ДӘУЛЕТОВПЕН  хабарласқанымызда ол  бейнетаспаға сараптама тағайындалғанын  растады.

-  Заң бойынша тергеу ісі екі  айға созылады, қазір тергеу жүріп жатыр, басқа ештеме айта алмаймын, - деді тергеуші.

Балаларына араша сұраған ата-ана енді Ішкі істер министрі Қалмұханбет ҚАСЫМОВТЫҢ блогына да шағымданыпты.

 26 жастағы Рүстамбек Джиреншиев облысқа танымал спортшы, самбодан Евразия, Қазақстан чемпионы. Спорттың осы түрінен алғашқы спорт шеберінің бірі. Болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшы жігіт алдағы қыркүйекте Кореяда өтетін чемпионатта Қазақстан намысын қорғауы тиіс еді. Спортшының бапкері  джиу-джитсу федерациясының төрағасы  Айбар ЕСЕНҒАЛИЕВ те шәкіртінің бұл іске қатысы жоқ деп санайды.

Сәния ТОЙКЕН

28 шілде 2011, 23:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.