ABAI.KZ «Эбола індеті елеңдетіп тұр» - Біраздан бері әлем елдерін «қара құрылықтан» басталған жұқпалы әрі дауасы табылмай тұрған эбола дерті қатты елеңдетіп тұр. Қазірдің өзінде барлық елдер қолда бар мүмкіндіктерін қарастырып сақтық шараларын қолдану үстінде.
«Бүгінгі ресейлік бақ ертең сорымызды қайнатады» - Ресейдің ақпараты Қазақстанды қос қапталдан қысып тұрған азат елімізде қазақ тілді БАҚ орыстың «жазғыштарына» бақталас бола алмай тұр.
ALASHAINASY.KZ «М. Ходорковский: "Путинге жеңіс әперетін соғыс тағы керек болуы мүмкін"» - Постсоветтік кеңістікте Қырым сценариінің қайталану мүмкіндігін сөз еткен Михаил Ходорковский Прагада азаматтық белсенділермен кездесті-деп жазады «Азаттық» радиосы.
«"Қызтеке" дегенің "гей" емес...» - Көптен бері айтсам ба екен, айтпасам ба екен деп жүрген бір ой бар. "Айтпаса – сөздің атасы өледі..." Одан да айтып, өзім "өлейін"...
«Ресейден қашқан инвестиция Қазақстаннан пана таба ала ма?» - Кешелі бері Ресейдің қор нарығында тағы құлдырау басталып, бірқатар шикізат компаниялары мен банктерінің акцияларының құны қайта түсе бастады.
«Ақшаны алдымен өзіңізге төлеңіз» - Жақында әлеуметтік желілердің бірінен төмендегідей жазбаны оқып қалдым. «Біз жұбайымыз екеуміз ғана осындаймыз ба? Алғашқы 5 күнде жалақының 90%-ын жұмсаймыз, қалған бір айға 10% -ын ғана жеткізуіміз керек болады..»
«Әр қазақ әр қытайдан 10 есе көп су тұтынады» - Су дауы жер дауынан асып түседі.
AIKYN.KZ «Бейәдеп жарнаманың тәрбиеленушілері болашақта қандай адам болып шығады?» - Жұмысбасты адамның ертелі-кеш теледидар қарап, телміріп отыруға уақыты бола бермейді. Көп жағдайда күнделікті жаңалықтармен танысып, танымдық бағдарламалар мен арнайы тележобаларды көрумен шектелетініміз рас.
«Білезікке қатысты білместік» - Қабылданған заңның орындалуына басқа емес, құқық қорғау органдарының өзі ықыласты емес десе, сенесіз бе? Егер осы әңгіме басқа жерде айтылса, біз де сенбес едік.
SKIFNEWS. «Министрлерді кісі қылып тұрған қызметтері ғана...» - Білетіндер қызметті қолдың кірі деп жатады. Рас шығар. Өлген соң ұмытылып кетсе де бір сәрі, тірі кезінде-ақ тастанды баладай болған талай шенеунікті көз көрді.