Облыс әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келген Асқар КЕРІМОВ облыс әкімінің денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру мәселеріне жауапты орынбасары болып тағайындалды. Облыс әкімінің әлеуметтік салаларымен айналысатын бұрынғы орынбасары Серік АМАНҒАЛИВ осы жылдың мамыр айында ҚР президенті әкімшілігіне ауысқан еді. Облыс әкімі аппаратының басшысы міндетін уақытша атқару үшін Руслан ӘДИЕТОВ тағайындалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ