AZATTYQ. ORG «Сөйлеу кәсібі» - «Біздің кәсібіміздің бір маңызды бөлігі – сөйлеу. Сөйлегенде де әдемі, шешен сөйлеу, жұртты сендіру» деген Дариға Назарбаева әріптестерін шешендікке баулу үшін Ресейден маман алдырды.
«Сирия мен ИМ-нің ортасында қалған Түркия» - «Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары Сириядағы Кобани қаласын қоршап тұр. Шекарасының түбіндегі бұл ұрысқа Түркия араласса да, араласпаса да дауға қалатын сияқты.
«Беларусь ЕАЭО келісіміне жеке шарт қосты» - Еуразия экономикалық одағы туралы келісімді ратифиакциялау жөніндегі заң жобасын Қазақстан парламенті сенаты мақұлдап, Беларусь парламенті жеке шарт қосты.
«Қазақстан Еуропамен жақындаспақ ниетте» - Еуропа Одағы мен Қазақстан қазанның 9-ы күні тығыз экономикалық және саяси байланыс орнататын келісім жасау бойынша келіссөз жүргізді.
SERKE.ORG. «Әбілязов аса қауіпті қылмыскер ме?» - Францияның Лион қаласында Мұхтар Әбілязовтың мәселесін қараған сотқа қазақстандық танымал құқық қорғаушы Евгений Жовтис арнайылап барып, қатысып қайтыпты.
«Князевке әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ па?» - Орталық Азия мен осы аймаққа қатысты мәселе туындай қалса, отандық бұқаралық ақпарат құралдары саясаттанушы Александр Князевтің (суретте) пікіріне жүгінеді. Әрине, саясаттанушы әрбір жағдайды шынайы бағалап, бейтарап пікір білдіріп отырса, «Князевтің көздегені не?» деген күмәнді сұрақ туындамаған болар еді.
«Жаяу Мұсаның суреті табылды» - Жақында Семей қаласында қазақтың әйгілі әнші-сазгері Жаяу Мұсаның беймәлім суреті жұртшылық назарына ұсынылды.
NAMYS.KZ «Шәкерім қажының қазасы» - Шәкерімнің қалай атылғаны, кім атқаны жөнінде, жалпы дүмпу басталған 3 қыркүйектен ақын оққа ұшқан 2 қазанға дейінгі оқиғалар жайында қауесет, әңгімелер көп әрі дерек-дәйектердің бірі-біріне қиғаш келіп жататыны бар.
QASYM.KZ «ХІХ ғасырдың соңғы тұяғы» - Ол өмір сүрген жылдары бірнеше тарихи оқиға орын алған екен.