Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Беларусь ЕАЭО келісіміне жеке шарт қосты».«Қазақстан Еуропамен жақындаспақ ниетте». «АҚШ Украинаға соғыс үшін қаржы бөлді».«Рубльдің құнсыздануы теңгеге қиын болмай ма?».«Сынға ұшыраған «Самұрық — Қазына» әлемдік «Fortune-500» тізіміне кіре ала ма?».

2 329 рет қаралды

AZATTYQ. ORG       «Беларусь ЕАЭО келісіміне жеке шарт қосты» - Еуразия экономикалық одағы туралы келісімді ратифиакциялау жөніндегі заң жобасын Қазақстан парламенті сенаты мақұлдап, Беларусь парламенті жеке шарт қосты.

«Полицейлер мен прокурорлар ұшыраған жол апаттары» - Соңғы жылдары құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысы бар жол апаттары жиілеп кетті. Азаттық жыл басынан бергі осындай оқыс оқиғалардың хронологиясын ұсынады.

«Қазақстан Еуропамен жақындаспақ ниетте» - Еуропа Одағы мен Қазақстан қазанның 9-ы күні тығыз экономикалық және саяси байланыс орнататын келісім жасау бойынша келіссөз жүргізді.

ALASHAINASY.KZ        «АҚШ Украинаға соғыс үшін қаржы бөлді» - Бүгінгі таңда Украинаға дефолттан қорғанып, әрмен қарай соғыс жүргізу үшін көп ақша керек. Әзірге АҚШ Киевке соғыс үшін ғана ақша беріп отыр...

«Рубльдің құнсыздануы теңгеге қиын болмай ма?» - Мәскеу қор биржасындағы ашық саудада бүгін бір АҚШ долларының бағамы 40 рубльден асты.

«Жас отбасылар ипотекасын субсидиялау туралы идея қолдау таппады» - "Ақ жол" партиясының жас отбасыларға ипотекалық несиелерді субсидиялау туралы идеясы қолдау таппады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевқа сілтеме жасап.

TURKYSTAN.KZ    «Сенатқа кімдер сайланды?» - Қазан айының басында еліміздегі Жоғары заң шығарушы орган – Парламент Сенатына сайлау болып өтті.

«Сынға ұшыраған «Самұрық — қазына» әлемдік «Fortune-500» тізіміне кіре ала ма?» - Заңсыз тендер өткізетін, тауар бағаларын заңсыз көтеретін, алпауыт компаниялардың мүддесін көздейтін, жолдарды жөндемейтін, науқаншылдыққа ұрынатын, жұмысқа жас мамандарды тамыр-таныс арқылы алатын, кәсіпкерлерді сансыз тексерумен тұншықтыратын, ең бастысы, қарапайым халыққа тиесілі қаражатқа қол салатын шенеуніктерді сынға алған Президент Үкіметке келеңсіздікті жоюды тапсырды.

QAZAQUNI.KZ    «Ерте және мәжбүрлі неке: ол үшін имамдарды жұмыстан шығарса, кейбір диаспорлар оларды қолдайды» - Қазақстан Әйелдері лигасының мәліметтері бойынша, елімізде жыл сайын 3000 ерте неке қиылады екен.

QAMSHY.KZ    «Зейнетақы қоры тек банктердің май шелпегі ме?» - 2030 жылға дейінгі кезеңге Зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы үкіметтің жасаған жаңа тұжырымдамасымен танысқан Мәжілістегі компартия фракциясы оны халықтың жоғын жоқтаған құжат емес деп тапты.

JAQSY.KZ   «Атырау мен Қызылжар неге тең емес?» - Мемлекетімізде осыған дейін аймақтардағы негізгі проблемаларға назар аудармай келгенін білеміз.

QASYM.KZ  «Грузин тілінде "грузия" деген сөз жоқ» -  Кез келген мемлекеттің саясатын жағырапиялық жағдайы айқындайды.

9 қазан 2014, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.