Атырау, 27 қараша 17:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Мүлік салығындағы сомалар қайдан шықты?

6 383 просмотра

Атырау салық басқар-масының ғимараты наразы болған салық төлеушілердің кезегінелық толды. Адамдарбиылғы жылы есептелген мүлік салығы-мен келіспей отыр. Салық төлеушілерге жіберілген хабарламалардың көпшілігінде өздеріне еш қатысы жоқ мүлік төлемінің сомасы белгіленген.

- Мен өз пәтерім мен ата-анамның пәтері үшін салық төлеуге хабарлама алдым. Әкемнің пәтері оның атына рәсімделген, менің ол жерден есептен шыққаныма 20 жыл болды. Оған еш қатысым жоқ, - деп әңгімелейді салық қызметкерлерінен жарытымды түсінік ала алмаған соң редакцияға хабарласқан оқырманымыз Оксана Д. – Сол пәтер үшін салық төлемін төлеу хабарламасын анам да алыпты. Сонда бір пәтер үшін қатарынан үш адам ақша төлеуге тиіс болғаны ғой! Ал, іс жүзінде оған бір адам қожалық етеді.

Бұл бірлі-саран жағдай емес. Басқа бір қала тұрғынына мүлік салығын төлеу хабарламасына өз пәтерінен бөлек ажырасқанына 15 жыл болған бұрынғы жұбайының пәтерін де қосып қойыпты. Оның мүлкіне мұның ешқандай қатысы жоқ екен. Кезекте тұрған әрбір наразы жанның өз хикаясы бар. Алайда бәріне ортақ жағдай – салықты есептеу кезінде салық қызметкерлері былыққа батқан. Біз осыны анықтауға тырыстық.

Бір жылжымайтын мүлік үшін қатарынан бірнеше азаматқа неліктен салық есептегендігі туралы біздің сұрағымызға жазбаша түрде Атырау қаласы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан ТОҚСАНБАЕВ жауап берді:

- ҚР Салық кодексінің 404-бабына сәйкес, егер салық салу нысаны бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады. ҚР Салық кодексінің 406-бабына сәйкес, 1 қаңтардағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін салық салу нысандарының құны жеке тұлғалар үшін тұрғын үй, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады. Ал, ҚР Азаматтық кодексінің 209-бабының ережелеріне сәйкес, екi немесе бiрнеше адамның меншiгiндегi мүлiк оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады. Мұнда, егер үлестік меншікке қатысушылардың үлестік мөлшері заңнама актілерінің негізінде анықталмаса және бүкіл оған қатысушылардың келісімімен белгіленбесе, үлестер тең деп есептеледі.

Ортақ үлестік меншіктегі мүлікті ұстау шығындары АК-тің 215-бабымен реттеледі. Мұнда үлестi меншiктiң әрбiр қатысушысы ортақ мүлiк бойынша өз үлесiне сәйкес салықтар, алымдар және өзге де төлемдерді төлеуге, сондай-ақ, оны күтiп ұстау мен сақтауға байланысты шығындарға қатысуға мiндеттi делінген. Ортақ меншіктегі салық салынатын нысандар бойынша салық төлеуші өзара келісім бойынша осы салық салынатын нысанның меншік иелерінің бірі боп табылуы мүмкін. Ал, мүлік пен жерге салықты жекелеп төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда бұлардың әрқайсысы төлемді ортақ меншіктегі үлесіне пропорционал төлеуге құқылы.

Сонымен қатар салық департаментіндегілер салық төлеушілердің дерекқоры әрбір жыл басында Жылжымайтын мүлік орталығы мәліметтерінің негізінде жаңартылып отыратынын түсіндірді. База жаңартылған уақыттан бастап хабарлама шығарылған кезге дейін салық төлеушілердің бірі ол мүлкін ауыстырған немесе сатқан болуы әбден мүмкін. Бұл базада көрініс таппай, соның салдарынан салық қызметкерлерінің айтуынша, түсінбестік туындаған болуы мүмкін.

Ал, Жылжымайтын мүлік орталығында мүлікке салық есептеу үшін әділет департаментінің бірыңғай базасы қолданылатынын түсіндірді. 

- Бүгінде іс жүзінде салық төлеушіге тиесілі емес дұрыс есептелмеген мүлікке шағымдар көп емес. Алайда, салық сомасы бойынша сұрақтар көп. Мүлік салығы жылжымайтын мүліктің бағалау құнын есептеу мөлшерлемесіне байланысты есептеледі. Ал, бұл мөлшерлеме биыл екі есеге дерлік өсті. Осыдан келіп салық төлемінің сомасы көбейіп, тиісінше, адамдардың наразылығын тудырады. Егер салық төлеуші келіспесе немесе әлдебір түсінбестік бар болса, олар біздің Орталыққа келе алады. Мамандар есептеулерді қайта тексеріп, бәрін түсіндіріп береді. Егер есептеулер кезінде шынымен де қателік кеткен болса, онда біз оны түзетеміз. Адамдар жылжымайтын мүлікке қатысты әлдебір операциялар жасап, ал, әділет органдарында бұл өзгерістер енгізілмесе, бұл да түрлі түсінбестіктің туындауы үшін себеп болуы мүмкін. Әр жағдайды жеке-жеке қарастыру керек.

Тамара СУХОМЛИНОВА

9 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.