Атырау, 27 қараша 18:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау көгінде өртенген ресейлік спутник-шпион

2 508 просмотра

2014 жылы қыркүйектің 2-сінен 3-іне қараған түні Атырау тұрғындары, ал, сәл бұрынырақ Маңғыстау облысының халқы көктен төмендеп, ыдырап бөлініп, әрі қарай Ресей жаққа солтүстік-шығысқа қарай ұшып өткен самаладай болидті көрді. Мұны Жылыой ауданының жастары бірінші болып бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желілерге іліп қойыпты.

«ҚОНУҒА БЕТ АЛҒАН ҰШАҚ СЕКІЛДІ»

Бұл түні отты шарды АҚШ-та Колорадо, Монтана, Нью-Мексико, Оңтүстік Дакота мен Вайоминг штаттарының (жер шарының арғы жағында) тұрғындары байқаған. Аспан денесінің жүрісіне соңғы боп Орынбор тұрғындары куә болған. Орынборлық Дмитрий ФРОЛОВ балконнан тамашалаған көріністі былай деп суреттейді: «Жылдамдық аса қатты болған жоқ, бұл таң қалдырды. Қонғысы келген ұшақтың жылдамдығындай еді. Сөніп кеткенше бес секундтай бақыладым».

3 қыркүйекте ресейлік gazeta.ru басылымы американдық aerospace ресурсына сілтеме жасай отырып, Орынбор мен Атырау облысының тұрғындары қытайлық Yaogan-5 спутник-шпионының құлағанын байқады деп хабарлады. Алайда 9 қыркүйекте американдық ресурстарда американдықтар, қазақтар мен орыстар кезекпен-кезек  салмағы екі тонна болатын қытайлық спутникті емес, ресейлік «Космос-2495» спутник-шпионын бақылады деген хабарлама пайда болды.

Американдық астрономдар қоғамдастығының www.spaceflight101.com сайты сол күні алғаш рет спутниктің Каспий теңізінің үстінен құлай ұшқан басқарылмалы финалдық бөлігінің сызбасын жария етті.  

12 қыркүйекте АҚШ-тың Қарулы күштерінің Стратегиялық командованиесі өкілдері ресми түрде «ресейлік спутник-барлаушының құлағаны тіркелді» деп растады. Бірақ «Космос-2495» спутнигінің құлаған орнын атамады. Американдық ақпараттық ресурстарда ресейлік әскерилерде жаңылыс басу орын алып, АҚШ тұрғындары өз аумақтарынан орбитада жарылған спутниктің құлағанын байқады деген жорамал жасалды. Алайда РФ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мен ақпарат басқармасы «Ресейдің ғарыштық аппараттарының штаттық жұмысында ешқандай бұзылушылықтар мен ауытқулар болған жоқ», деп мәлімдеді.

 

ҒАРЫШТАҒЫ КЕПТЕЛІС

Ашық дереккөздер 2014 жылдың 6 мамырында «Союз-2.1а» зымыран тасығышының Плесецк ғарыш айлағынан «Космос-2495» әскери спутнигін орбитаға табысты шығарғандығы белгілі, ал кейінірек ғарыш саласындағы американдық сарапшы Джонатан Макдауэлл «Космос-2495» ресейлік әскери ғарышкерлік салада «Янтарь-4К2М» деп аталатын «Кобальт-М» көріністік барлау аппараты болып табылатындығын хабарлады. Осынау ғарыштық супер-фотоаппараттар самаралық ЦСКБ «Прогресс» орталығында жасалған. Жұмыс жасау биіктігі - жер үстінен 180-300 шақырым қашықтық. Өз двигателінің болуы аппаратқа маневр жасауға мүмкіндік береді. Бірақ орбитаның төмен болуы салдарынан ұзақ өмір сүрмейді – белсенді тіршілік ету мерзімі әрі кеткенде төрт айды құрайды.

Салмағы шамамен 6,7 тонна болатын осы спутниктердің ерекшелігі - қолданылатын фототехника «цифрлық» емес, бірақ субметрлік диапазон детальдарын (0,3 метрге дейін) тіркеуге қабілетті. Сурет түсірілген фотопленка қажет кезінде Орынборға жақын маңдағы полигонға басқарылатын үш капсуланы (суретте – спутниктің бүйірлеріндегі дөңгелек қорапшалар) тастау көмегімен жерге жеткізіледі. Оларды сол жерде іздеушілер күтіп отырады.

Тағы бір капсуланы жеткізу спутниктің өзінің орбитадан шығуымен қатар жүзеге асырылады. YouTube-тағы Sapargaliev Aibar ролигін қараған «ғарыш» форумының кәсіпқой мамандары алғашқы отты шарды – жеткізу капсуласы, ал оның айналасындағы отшашулар –құны шамамен бір миллиард рубль (27 миллион доллардай) болатын, жанып жатқан «Космос-2410» қалдықтары деген пікірге келді.

Сондай-ақ, «Кобальт-М» сериясындағы алғашқы «Космос-2410» спутнигі 2004 жылдың қыркүйегінде ұшырылып, орбитадан шұғыл арада үш айдан кейін, 2005 жылдың 10 қаңтарында шығарылды. «Кобальт-М» сериясындағы алғашқы спутникті қондыру кезінде американдық ғарыштық бақылау жүйесі одан екі ірі фрагменттің бөлініп қалғанын анықтаған. Белгіленген уақытта спутниктің қалдықтары мен капсуласы Орынбор үстінде пайда болмаған. Содан кейінгі көп айлардың іздеу жұмыстары нәтижелер бермеді.

Union of Concerned Scientists (АҚШ) ұйымының зерттеу жұмыстарына сәйкес, 2014 жылдың 31 шілдесіндегі мәліметтер бойынша ғарышта түрлі мақсаттағы 1235 спутник болған. Абсолюттік біріншілік 512 ғарыштық аппараты бар АҚШ-қа тиесілі (оның 159-ы әскери), екінші орында 135 спутнигі бар Ресей, ал үшінші орын 116 аппараты бар Қытайдың еншісінде. Оның осыдан бес жыл бұрын ғана ғарышта 30-дан астам аппараты болған еді.

Осынау саябырсыған «ғарыштық-шпиондық» хикаяда АҚШ-тың бес штатының үстінде шар болып самаладай жарқырап жанған ірі детальдың мақсаты белгісіз болып қалды. Спутник-шпионның двигатель қондырғысы құлады деген соңғы жорамал болатын. Алайда бүкіл тарап жақ ашпай отыр және таяу болашақта ашуы да неғайбыл.  

Жасұлан КӨЖЕКОВ, меншікті тілші, Астана қ.

9 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.