Атырау, 3 қазан 03:26
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

«Ренессанстағы» ажал

2 148 просмотра

29 қыркүйекте сағат 20.10-да «Ренессанс» қонақ үйінің номерлерінің бірінде уақытша тұрушылардың бірінің мүрдесі табылды.

ІІД баспасөз қызметі жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, мүрдеден зорлық-зомбылықтың ізі анықталмаған.  

Сараптама тағайындалды. Қайтыс болған адам 1977 жылы туған Үндістан елінің азаматы,– деді Д. Мұхтарова.

Басқа ақпараттар бойынша, бұл тегі үнділік БАӘ елінің азаматы екен. Шетелдік қатысы бар компаниялардың бірінің қызметкері 306-номерді жалдап тұрған және полицейлердің мәліметі бойынша бөлмесінде табылғанға дейін екі күн жатып қалған. Ажал жүрек талмасынан болған деп болжануда.

Оқиға Қазақстан мен Ресейдің өңіралық ХІ ынтымақтастық форумының бірінші күні орын алғандықтан, мүрдені Форумның жоғары мәртебелі қонақтарына орын дайындау кезінде ғана тапқан деген алып қашпа әңгімелер пайда болды. Номерді РФ сыртқы істер министрі Сергей ЛАВРОВТЫҢ өзіне дайындаған-мыс. 

Қонақ үй қызметкерлері бұл қарапайым стандартты бөлме РФ министріне арналып дайындалуы мүмкін еместігін айтады. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

8 қазан 2014, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.