AZATTYQ.ORG. «Қазақстан алманың көбін сырттан әкеледі» - Осы апта Алматы әкімдігі «бес жыл ішінде атақты апорт алмалары өндірісін қайта жандандыруға 690 миллион теңге бөлінетінін» хабарлады. Әзірге Қазақстан алманың көбін сырттан сатып алып отыр.
«Мухортова видеожазбасынан «озбырлық» табылмады» - Балқаш қаласында өткен сотта азаматтық белсенді Андрей Цуканов «психиатриялық ауруханада озбырлықпен видео түсіру» ісі бойынша жеңіп шықты.
«Танков ақыры үш жыл түрмеде отыратын болды» - Қарағанды облыстық соты заңгер Евгений Танковты үш жылға түрмеге кесу үкімін күшінде қалдырды. Оның судьяны «шыбын қаққыш дуэліне» шақыруы «билік өкіліне шабуыл» деп танылды.
ALASHAINASY.KZ «Бізді СПИД "қылған" кім?..» - "Есіме мүлде алғым келмейтін сол бір күндер тағы біреудің басында қайталанып жатса не болады" деген ой мені селт еткізіп, жанымды түршіктіріп, маза бермейді.
«Жәңгір хан ішкен су уға айналды» - Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданы кезінде Жәңгір ханның ставкасы орналасқан, қазақ даласындағы алғашқы мектеп, дәріхана, баспахана ашылған, тұңғыш газет шыққан тарихи өңір.
«Жекешелендіруге сенімсіздік туа бастады» - Жекешелендірудің меншік қатынастарын реформалау, яғни нарықтық экономикаға көшу екенін жақсы білеміз.
«Депутаттың немересі ауырмағанда денсаулық саласының олқылығы ашылмайтын ба еді?» - Апта басында Мәжілісте үшжылдық бюджет жобасын талқылау барысында депутат Гүлжан Қарағұсова отандық медицина саласын біршама сынға алған еді.
TURKYSTAN.KZ «Жылауық әндер мен жылауық әншілер...» - Осы мәселені марқұм Жәнібек Кәрменов ұстазым көзінің тірісінде үнемі айтып, күн тәртібінен түсірмей жүретін.
«Мұнайлы елдің мұңы желтоқсанға дейін созыла ма?» - Қазақстанда 2020 жылдан кейін мұнай өндіру көлемі азаяды деген болжам бар. Бұл былтыр да айтылған, қалған мұнайдың жарты ғасырға ғана азық екені жалпақ жұртқа да аян.