Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Қазақстан шекарасында Ресей неге әскери жаттығу өткізе береді?". "Лукашенко Ресейге неге қарсы шықты?". "Таблиғи жамағаттың» тамыры...". "Шекара шындығы"."Журналистің Украина жөніндегі фильмі эфирден неге алынып тасталды?".

1 645 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «Беркуттің» бұрынғы командирі қайда қашты?» - Ісі сотта қаралып жатқан «Беркуттің» бұрынғы командирі Дмитрий Садовник Ресейде жасырынып жүр деген жорамал бар.

"ГУЛАГ тұтқыны жазған «әке хаттары»" - Сібірдегі саяси репрессиялар мұражайында сталиндік ГУЛАГ тұтқындарының жазған хаттарына арналған ерекше көрме өтті. Ол тұтқындардың көбінен қалған жалғыз белгі де осы хаттар ғана.

"«Жиһадшылар» жайлы жазған белсендіні тексеріп жатыр" - «Сирияға жиһадқа кетушілердің көбеюі» жайлы жазған жезқазғандық белсендіні құқық қорғау органдары тексеріп, әлеуметтік желідегі жазбасын сараптамадан өткізіп жатыр.

SERKE.ORG. «Мұхтар Әбілязов француз сотының сенімінен айырылды» - Францияның Лион қаласының апелляциялық соты БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовті қамаудан босатудан бас тартты. Соттың тергеу палатасының төрағасы Люк Фонтеннің айтуынша, Әбілязовты қамаудан босатқан жағдайда оның тағы да қашып кетпеуіне ешкім кепілдік бере алмайды.

«Кіші дәреттен «Бешбармаққа» шейін» - Қазақтар өздерінің ұлттық тағамы «Бешбармақты» әлі күнге сүйсініп жейді. «Бешбармақ» - кез келген той-томалақ мәзіріндегі ең үлкен ас, сый-құрметтің белгісі. Онсыз өткен отырысқа көпшіліктің көңілі толмай, азырқанып қалады. Дегенмен, соңғы жылдары қазақтар сүйікті асының атауынан - «Бешбармақтан» безініп барады.

«Журналистің Украина жөніндегі фильмі эфирден неге алынып тасталды?» - «Таң» телеарнасынан 1-2 қазанда көрсетілуге жоспарланған Украинадағы жағдай жөніндегі журналист Қасым Аманжолдың «Майданнан майданға дейін» және «Қырым» атты деректі фильмдері эфирден алынып тасталды. Бұл жөнінде фильм авторы өкініш білдіріп, «арнайы тележобаны күткен көрермен қауымнан кешірім өтінетінін» айтты.

ALASHAINASY.KZ. «Күйеу үшін күрес...» - ...жүріп жатқандай бүгінде. Расында заңды түрде некеге тұрып, үбірлі-шүбірлі болып отырған отбасылардың іргесі сөгіліп, ажырасушылардың армиясын көбейтіп жатқаны жасырын емес. Оған себеп: оның себебі көп. Орта жолға келгенде ойы бұзылған отағасылар бала-шағасын жетім, әйелін жесір етіп тастап кетіп жатыр. Біреудің бақытын ұрлап жүрген бұрымдылардың қосар үлесі қомақты мұнда.

«Лукашенко Ресейге неге қарсы шықты?» - Беларусь Республикасы Украинаны мемлекет ретінде бүлінуін қаламайды және РФ сыртқы істер министрлігі "Новороссия" деп атап жүрген жобаны мойындамайды. Өткен сенбіде Euronews-ке берген сұхбатында Беларусь президенті Александр Лукашенконың осы айтқанын орыс ұлтшылдары Путиннің жағынан салып жібергенмен бірдей әрекет деп бағалады.

«Шекара шындығы» - Әлемдегі ірілі-уақты мемлекеттердің кез келген дәуірде, кез келген қоғамдық формацияда ең алдымен қаузайтын, қолға алатын мәселесі – шекараны шегендеу, ел мен жердің қауіпсіздігін арттыру. Шекара – қасиетті де киелі ұғым. Бұл тұрғыда Қазақстанда атқарылған, қолға алынған, болашақта іске асырылатын шаралар кешені де көңіл тұшытарлықтай.

«Қазақстан шекарасында Ресей неге әскери жаттығу өткізе береді?» - Бүгіндері Қазақстан шекарасына жуық маңдағы Алтай өңірінде Ресей Федерациясы кең ауқымды әскери жаттығу өткізіп жатыр. Жалпы, бұл соңғы айларда біздің ел шекарасы жанында солтүстік көршінің өткізіп жатқан - үшінші әскери жаттығуы. Осыған байланысты "Алаш айнасы" Қазақстан шекарасынан Ресей Федерациясына қандай қауіп-қатер төнуі мүмкін деген сауал төңірегінде мамандар арқылы жауап табуға тырысып көрді...

JASQAZAQ.KZ. «Таблиғи жамағаттың» тамыры. Сәбидің күлкісін тыйып, ананың көз жасын көлдеткен...» - Жуырда Батыс Қазақстан облыстық дін істері басқармасының бастамасымен жат ағымнан жапа шеккен қазақтың бір қаракөз қызымен әңгімелесудің сәті түсті. Көп қабатты жатақханада пәтер жалдап тұратын Нағима (кейіпкерлеріміздің есімі өзгертілді) есімді келіншектің есігін қақтық. Алдымыздан төрт жастағы ұл бала жүгіріп шығып, есік ашты...

7 қазан 2014, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.