ALASHAINASY.KZ «Бизнес неге білімге қаржы салмайды?» - Қазақстанның жоғары білім жүйесі соңғы жылдары көбірек техникалық және бизнес бағытындағы мамандарды даярлауға ойысып барады.
«Мұнай енді бұрынғыдай болмайды» - Таяуда бүкіләлемдік тауар биржаларында көмірсутектерінің бағасы түсуіне орай АҚШ сарапшыларының бірі «мұнай енді бұрынғыдай болмайды» деп салды. Біздің болжамымыз бойынша, ол шамамен 2016-2017 жылға қарай келуі керек «жұт» еді.
«Еліміздегі ең табысты 50 кәсіпкер» - «Forbes Kazakhstan» журналы еліміздегі 50 табысты кәсіпкердің тізімін жасапты. Айта кетейік, «Алаш айнасы» бұл тізімге кірген кәсіпкерлердің меншігіндегі активтердің ірілерін ғана алып, қысқартып беріп отыр.
«Шетелдік тоқыма-тігін өніміне тоқтау салу керек» - Отандық өндірісті дамытпайынша, ел экономикасы аяққа нық тұрды деп айтуға болмайды. Бұл қағиданы қазір бәрі біледі.
«Қазіргі қарттар неге қыздарына қашады?» - Жақында ғана қарттар мерекесін тойладық. Саналы елдің көпшілігі алыс-жақындағы ата-аналарын құттықтап, ұзақ ғұмыр тілеген шығар деген үміттемін. Өйткені, жарық дүниеге сыйлаған, «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» әлпештеп өсірген, білім беріп, тәрбиелеген ата-ананың орны қашан да бөлек.
«Жастар жауызданып бара жатқан жоқ па?» - Көрмейін десең, көзің бар. Ойып тастай алмайсың. Шыққыр көзің, күнделікті өмірде бәрін көреді, қайтерсің. Сосын заман солай деп, жауырды жаба тоқисың.
AIKYN.KZ «Марченконікі не әңгіме?» - Тәуелсіздіктің бір белгісі ол – қаржылық тәуелсіздік. Төлем жүйесінің ешкімге кіріптар болмауы. Бұл бізде қалай шешілуде. Еліміз ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келмейтіндей төлем жүйесін жолға қоя алды ма? Әлде Батысқа тәуелдіміз бе?
«Біреуі бастайды, біреуі тастайды немесе «А» корпусы ауада қала ма?» - Су жаңа агенттіктің төрағасы Қайрат Қожамжаров осыған дейінгі Әлихан Бәйменовтің жасаған жұмысын жоққа шығарғандай болды.
AZATTYQ. ORG «Тәжікстандағы “жиһадшылар” ауылы» - Тәжікстан тұрғындарының назары қазір шағын ауылға ауды. Өйткені бұл ауылдан 20 жігіт Сирия мен Ирактағы соғысқа аттанған. «Жиһадшылар» шыққан ауылдың мазасы қашып тұр.
«Қазақстанда Орталық Азия сайттары ашылмайды» - Орталық Азия жаңалықтарын қамтитын вебпорталдардың бірі "Сайрамдағы жанжалдан" кейін Қазақстан тарапынан бұғатталғанын айтады. Елдегі ұлттық интернет провайдер бұл мәліметті терістейді.
ABAI.KZ «Шекара шындығы» - Әлемдегі ірілі-уақты мемлекеттердің кез келген дәуірде, кез келген қоғамдық формацияда ең алдымен қаузайтын, қолға алатын мәселесі – шекараны шегендеу, ел мен жердің қауіпсіздігін арттыру.
JASQAZAQ.KZ. «Талап күшейеді» - Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктерге қатысты кезекті шектеу енгізді. Енді банктер өз капиталын елден тысқары аумақта орналастырғанда, белгілі бір деңгейден аспауы тиіс.
В Атырау +4