Атырау, 15 маусым 04:55
 ашықВ Атырау +34
$ 450.79
€ 482.21
₽ 5.05

«АҚШ Ресейге қарсы әскери шабуыл жасай ала ма?». «Су жаңа сенаторлардың тізімімен танысыңыз...». «Ресей мен Қазақстан ортақ валюта жүйесіне енуі мүмкін бе?». «Қытайлық жеміс-жидектердің біз білмейтін құпиялары». «Экономиканы қандай күш алға сүйремек?».

2 590 просмотра

ALASHAINASY.KZ     «Діни әдебиеттерді қашан бақылауға аламыз?» - Еліміз Ата заңына сәйкес зайырлы мемлекет деп саналады.

«АҚШ Ресейге қарсы әскери шабуыл жасай ала ма?» - АҚШ Ресейге қарсы әскери шабуыл жасай алады. Бұл туралы осы аптада АҚШ-тың Қорғаныс министрінің орынбасары Роберт Ворк мәлімдеді.

«Су жаңа сенаторлардың тізімімен танысыңыз...» - Орталық сайлау комиссиясы 2014 жылғы 1 қазанда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын шығарды.

«Ресей мен Қазақстан ортақ валюта жүйесіне енуі мүмкін бе?» - Ресей телеарналарына сұхбат берген еліміздің бас банкирі Қайрат Келімбетов көрші елге тұс-тұстан салынып жатқан санкциялар Қазақстан үшін аса қорқыныш тудырмайтынын алға тартты.

«Бала сату бизнеске айналып барады...» - Бүгінде бала сатып байымақ болғандардың қатары күн санап артып бара жатқаны басын бүркемелесең аяғы ашылып қала беретін ақиқат екені анық.

«Жылжымайтын мүлікті сақтандыруға дайынбыз ба?» - ҚР Статистика комитетінің есебі бойынша еліміздегі жеңіл автокөліктер саны қазір 3 млн 700 мыңға жуық. «Айта бергенмен не пайда?» дей көрмеңіздер, үкіметтің жеке меншіктегі бұл мүлікті сақтандыруды міндеттеп қойғандарына наразы емес жүргізуші жоқ шығар, сірә...

«Қытайлық жеміс-жидектердің біз білмейтін құпиялары» - Асыра сілтеп отырғанымыз жоқ, бірақ оқырмандардың білгені жөн, біз жеп жүрген жеміс-жидектердің сөрелерде жұтынып тұрған пішіні – бір емес, бірнеше химиялық қоспалардың нәтижесі.

ABAI.KZ.    «"Әбу ханифа" атын жамылған сайт уахабизмді дәріптеп жүр» - Іштен шыққан жау жаман. Қай заматта қасыңда жүріп, басыңнан ұратынын білмейсің. Сәләфизм ағымының еліміздегі стратегиясы, іс-жоспары, мақсаттары қалай орындалып жатқанын қоғам бейнесінен айқын байқаймыз. Қауға сақалдар мен көселердің селдір сақалдары, шолтиған шалбарлар, қоғамдық орында мисуакпен тіс тазалау т.б. көріністерге көз үйреніп кетті.

«Экономиканы қандай күш алға сүйремек?» - Сыбайлас-жемқорлық деректерінің көптігі, экономикадағы алаяқтықтың белең алғандығы, әділетсіздік пен ұрлық-қарлықтың асқынып бара жатқандығы ешкімді бей-жай қалдырмаса керек.

JASQAZAQ.KZ.   «Талап күшейеді» - Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктерге қатысты кезекті шектеу енгізді. Енді банктер өз капиталын елден тысқары аумақта орналастырғанда, белгілі бір деңгейден аспауы тиіс.

QAMSHY.KZ    «Тасмағамбетовке тас ату қайта басталды ма?» - Тоқтар Жақаш мырза өзінің фейсбуктегі парақшасында Қазақстанның бүгінгі саяси жағдайы турасында кейбір шетін мәселелерге тоқталыпты. Оқырманға ой салар деген ниетпен назарларыңызға ұсынып отырмыз.

3 қазан 2014, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.