Атырау, 7 қараша 02:36
 ашықВ Атырау -2
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

Кәсіпкерлерге көмек көрсететін орталық ашылды

3 138 просмотра

Бүгінгі таңда кез-келген  жеке кәсіпкердің  (ЖК) өз штатында тұрақты түрде есепшіні, заңгерді, брокерді және басқа мамандарды ұстап тұру мүмкіндігі жоқ. Жергілікті бизнесмендерге көмек ретінде  Атырауда кәсіпкерлер үшін сервистік қызмет көрсететін орталық ашылды. 

«Бизнес-қауымдастық бүгінде жай ғана дамып келе жатқан жоқ, кешенді жаңарту мен реформалаудан өтуде. Сондықтан да «Бизнестің жол картасын» тағы бір бағытпен толықтыруға шешім қабылданды. Осы бағыттың аясында біз өзіміздің орталығымызды ашып отырмыз. Қызмет көрсету бойынша өткізілген тендерді екі компания жеңіп алды: «Туран-профи» Халықаралық кәсіби академиясы» біліктілікті көтеру институты» және «Салық консалтинг А» ЖШС. Біз оған өте қуаныштымыз, өйткені, бұл екі компания да қызмет көрсету нарығында өздерін көрсете білгендер, біздер олармен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болып көрдік», - дейді облыстың кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағының директоры Нина ТЕМІРБАЕВА. 

«Кеңес алуға тек істерін жаңадан бастаған кәсіпкерлер ғана мұқтаж деп ойласаңыздар қателескендеріңіз. Көптеген табысты бизнесмендердің арқа сүйейтін тәжірибелі кеңесшілері болады. Біз интернет көмегінің барысында және «webinar» жаңа жасақтау бағдарламасы бойынша арақашықтықта online-конференцияны жүргізуге мүмкіндік беретін басқару кеңестерін кеңінен қолданамыз»,-дейді  «Туран-профи» өкілі Олег МЕЦИК.

Сервистік қызмет көрсету орталығы Смағұлов көшесі, 56 үйде халық ауызында «құлыбаев» деп аталатын үйдің бірінші қабатына орналасқан. Кәсіпкерлер орталыққа мына бағыттар бойынша кеңес алуға келе алады: бухгалтерлік және салық есебі, статистикалық есеп, есептің жасалуы, кедендік үдерістер, сапалық менеджмент жүйесін енгізу, заң мәселері бойынша, маркетинг және ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсетеді. Заң мәселелеріне қатысты кеңестерді облыстағы белгілі цивилист, отставкадағы судья   Валентина КЛИМЕНКО, стандарт мәселелері бойынша - «Сапа басқармасы орталығы» филиалының маманы  Слухия ҚУАНОВА, тасымалдау бойынша – кеден қызметкерлері кеңес береді. Кеңседегі барлық ұйымдастыру жұмыстарын Марта ХАЙДАРОВА және Софья КӨШЕНОВА жүргізеді. Кеңесшілер тек Атырауда ғана жұмыс істеп қоймайды, аудандарға шығып, селолық бизнесмендерге білікті қызмет көрсетеді.

Уақыт ұттырмай-ақ, сенбі 16 шілде күні сапа менеджменті  және маркетинг бойынша мастар-класс енгізу жүйесі бойынша мастер класс өткізілді. Содан кейін кеңесшілер аудандарға кетті. Кеңес алу үшін жеке өзіңізге, электронды пошта немесе телефон арқылы хабарласуға болады. Барлық кеңестер кәсіпкерлер үшін тегін жүргізіледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 шілде 2011, 22:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.