Атырау, 23 желтоқсан 14:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Кемеге мінемін деп, келмеске кетіп жүрме

4 074 просмотра

 Еділдегі орын алған апат су көліктерінің жағдайына назар аударуға  тек ресейліктерді ғана мәжбүрлеп отырған жоқ. ҚР коммуникация және көлік министрлігінің көлікті бақылау комитеті де еліміздің ішкі су қоймаларында қолданылатын жолаушы кемелерін жоспардан тыс тексеруді бастады.

Дегенмен, біздер үлкен және шағын сулардың маңында тұрсақ та бізде су туризмі дамымаған, бәлкім, біржағынан ол дұрыс та шығар?! «Каспий» аймақаралық көліктік бақылау инспекциясы 4 тіркелген жолаушы кемесін тексерді. Олардың ішінде екеуі сыйымдылығы 100 жолаушылық орынды №198 және №187 жолаушы кемелері. Олардың біреуі «Әбілхатаев» ЖК-нің және екіншісі «Құрсай СИМ» ЖШС-нің меншігінде. Олардың техникалық ақаулары бар және қазір оларды Атырау облысы кемелерінің тізімінен шығару жұмыстары жүргізілуде. «Мак Групп» ЖШС-не жататын сыйымдылығы 150 адамдық «Речной» теплоходы күрделі жөндеуден өткізілуде. Тек «Атыраубалық» АҚ-ның сыйымдылығы 100 адамдық №97 жолаушылар кемесі ғана техникалық жағынан қанағаттанарлық жағдайда, бірақ, ол кеме тоқтайтын жерде тұр.

19 шілдеде сондай-ақ, «Каспиан Мейн. Ақтау порты» ЖШС-нің иелігіндегі  «Жайық өзені. Атырауөзенпорты» және «Каспий теңізі. Қашаған» рейстерін орындаушы екі «С.М.jet-1» және «С.М.jet-2» жолаушылар кемесіне тексеру жүргізілді. Олардың техникалық жағдайы, құжаттары және экипаждың біліктіліктері нормаға сәйкес келеді.

Көлік бақылау қызметкерлерінің айтуынша, шағын кемелерге тексерулер жүргізілмеген, олар онсыз да үнемі  куәландырылып отырады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 шілде 2011, 21:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.