30 қыркүйекте кешкісін Өңіраралық ынтымақтастық форумы аяқталды. «Көмірсутек саласындағы инновациялар» тақырыбындағы қысқа пленарлық мәжіліс хаттама шеңберінде өтті.
ӨКІМЕТ ДЕЛЕГАЦИЯЛАРЫ
Ресей Президенті Владимир ПУТИНкөп делегациямен келді. Оның құрамында сыртқы істер министрі Сергей ЛАВРОВ, үкімет төрағасының бірінші орынбасары Игорь ШУВАЛОВ, тағы төрт министрліктің басшылары, ҚР-дағы РФ елшісі Сергей ДОНСКОЙ, Татарстан мен Башқұртстанның президенттері Рустам МИННИХАНОВ пен Рустэм ХАМИТОВ, тоғыз облыстың губернаторлары, мұнай және өнеркәсіп кәсіпорындарының бірінші басшылары және т.б. болды. Қазақстандық тараптан – Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, сыртқы істер министрі Ерлан ЫДРЫСОВ, премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан САҒЫНТАЕВ, халықаралық мәселелер жөніндегі президенттің көмекшісі Нұрлан ОНЖАНОВ, президент кеңесшісі Мағжан ИЛЬЯСОВ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ ШӨКЕЕВ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат МЫҢБАЕВ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президумының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқармасының төрағасы Эдуард ОГАЙ, РФ-дағы ҚР елшісі Марат ТӘЖИН, тағы үш министрліктің басшылары, 10 облыстың әкімдері және т.б. болды.
«ШИКІЗАТТЫ ЕЛМІЗ ДЕП ҚОРҚУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ»
Н. Назарбаев өзінің құттықтау сөзінде көмірсутек саласындағы инновация саласын аса маңызды деп атады:
– Елдің жалпы ішкі өнімінде мұнайгаз өнеркәсібінің үлесі – 22 пайызды құрайды. Біз мұнай қорлары жөнінде әлемде 12-ші орындамыз. Бұл 4 млрд тоннадан астам. Сондықтан әлемдегі айқындаушы трендті және ондағы біздің орнымызды білу маңызды. Өткен жылдан бері мұнайды тұтыну балансы артты. Сұраныстың негізгі үлесі Қытайға тиесілі. Бұл елде тұтыну деңгейі соңғы 30 жылда алты есеге көбейді. Кешікпей бүкіл әлем, соның ішінде біздің еліміз, жеңіл алынатын мұнайдың сарқылу проблемасымен бетпе бет келеді. Қазір қиын алынатын мұнай өндіру көрсеткіштері 1 пайызды құрап отыр, алайда ол жердегі қорлар аз емес. Мұнай өндірудегі соңғы тренд бұл тақтатас кенішін игеру. Әсіресе бұл бойынша Солтүстік Америка табысқа жетіп отыр. Ол жерде тақтатасты өндіруді 2007 жылы 5 пайыздан бастап 40 пайызға дейін көбейтті. Қазір көмірсутек саласы инновациялық технология енгізуді талап етеді. Біз үшін бұл Каспий маңы ойпатында өзекті, ол әлемдік компаниялардың үлкен қызығушылығын тудырады. Ресей де серіктес бола алады. Біз қызмет көрсету саласын кеңейте алар едік. Бұл жоғары технологиялық қызметтер, логистика және т.б. Біздің біріккен кәсіпорындар ықпалды құралға айнала алады. Жаңа кадрлар қажет. Ынтымақтастықты жандандыру керек, мұнайгаз өнеркәсібінде біздің елдер арасында студенттер алмасуды көбейту керек. Әйтпесе, үлкен жетістікке үміт артуға болмайды. Жаңа геологиялық барлауды енгізуге болады. Мәселен, Қазақстанда геологиялық зерттеу, қорларды бағалау жөнінде «Еуразия» жобасы әзірленуде.
Президент өз сөзін өндірудің баламалы түрлерін дамытумен айналысу ұсынысымен аяқтады:
– Біздің институттар тақтатасты мұнай өндіру, баламалы энергетика және басқа да көптеген салаларда жоба әзірлеумен айналыса алар еді. Көмірсутек саласында елеулі серпіліс жасау керек.
Бір қызығы, мәжіліс барысында ол кенеттен осы тақырыпқа қайта оралып, оған басқа қырмен комментарий берді:
– Мен өз басым баламалы энергия мен тақтатас эйфориясына сенбеймін. Біз шикізатты елміз деп қорқудың қажеті жоқ, құдайға шүкір, бұл шикізат бізде бар. Осыны пайдаланып, жаңа индустрия құру керек.
ПУТИННІҢ АЛҒЫСЫ
В. Путин де Форумға қатысушылармен амандасты:
– Бірінші форум 2003 жылы Омбыда өтті, осы жылдар ішінде екіжақты тауар айналымы алты есеге, өткен жылы 26 млрд долларға дейін өсті. ҚР экономикасына тікелей инвестициялар көлемі 10 есе артты. Бүкіл облыстармен экономикааралық байланыстар бар, 11 мың біріккен кәсіпорындар жұмыс істейді.
Ресей мен Қазақстанның отын энергетикалық кешен саласында да біріккен жобалары аз емес. Жедел жобалар саны көбейеді. Бұл инновациялық технологиялармен алмасуды жеделдетеді.
Өз сөзінің соңында Путин бірлескен жұмысқа қосқан үлесі үшін Назарбаевқа алғысын білдірді.
ПРЕЗИДЕНТТЕР НЕ ТУРАЛЫ СЫБЫРЛАСТЫ?
Пленарлық мәжілісті әрі қарай жүргізуді Назарбаев ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Сағынтаевқа табыстады. Жоспарланған баяндамашылардың барлығы баяндама оқыды. Назарбаев пен Путин сол кезде бір біріне әлденені сыбырлай талқылап жатты.
Баяндамашылардың соңғысы, Башқұртстанның президенті Рустэм Хамитов сөзінің соңында келесі ХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумын Уфада өткізу ұсынысын білдірді.
- Ризашылықпен қабылдаймыз, - деді Назарбаев. - Есте ұстаңыз, осы ғимарат пен көрме кешенін Атырау облысының әкімі ІЗМҰХАМБЕТОВ 8 ай ішінде салып болды.
- Ол Уфа университетінің түлегі ғой, - деп тойтарыс берді Хамитов.
ҚР президенті Форумға қатысушылардың баршасына жемісті еңбектері үшін алғыс айтып:
- Осымен болды, қане құжаттарға қол қояйық, -деп нүкте қойды.
Мәжілістен кейін екіжақты құжаттардың бірқатарына қол қою рәсімі болды. Елбасылардың қатысуымен түрлі сипаттағы ынтымақтастық туралы бес келісімге қол қойылды. Соның ішінде Қазақстан аумағынан АЭС салу туралы келісім де бар. Салтанат сарайында екі елдің түрлі ведомостволары мен өңірлері арасында 15 келісім мен меморандумға қол қойылды.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ