Атырау, 23 желтоқсан 19:09
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Мұнайшылардың майшелпегі

2 614 просмотра

Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында  NСОС және Аджип ККО компаниялары қаржыландырған 12 әлеуметтік жобаның аяқталу салтанаты болды.

12 жоба үшін компания 22 млн. теңге жұмсады. Мұнайшылардың сыйлығын алғандар қатарында: Мақат поселкесінің мәдениет үйі – автокөлік, облыстық өнер мұражайы – шағын автобус, Балықшы поселкесіндегі ардагерлер одағы – жиһаз және құрал-жабдықтар, Санбаев атындағы орта мектеп (Мақат пос.) – музыкалық аспаптар мен құрал-жабдықтар, «Мейірім» етікші шеберханасы – шикізат пен құрал-жабдық, Қазақ соқырлар қоғамының оқу-өндірістік комбинаты – мақта шикізатын, «Ана шуағы» мүгедек әйелдер қоғамы кеңсе құрал-жабдықтарын, «Фронтовичка» халық хоры – баян және 27 азық-түлік купонын, «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ – «Қолтаңба» жобасын жүзеге асыруға көмек, «Глобус» ҮЕҰ «Білім арқылы әрекетке бару» жобасын жүзеге асыруға көмек, үстел теннисінің облыстық командасы – Афинада өтетін арнаулы жазғы Олимпиадалық ойындарға бару сапарын ұйымдастыруға ие болды. Өткен жылы консорциум Атырау және Маңғыстау облыстарында 82 жобаның жүзеге асуына қолдау танытты және Қызылағаштағы су тасқынынан зардап шеккендерге барлығы 221 млн теңге көмек бөлді. Демеушілер биылғы жылы да көмек көлемінің азаймайтындығына уәде берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 шілде 2011, 21:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.