Атырау, 27 қараша 17:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Консорциум асығар емес

3 150 просмотра

Кристоф де МАРЖЕРИКристоф де МАРЖЕРИҚашағанда мұнай өндіруді қайта бастау 2017 жылға ығыстырылды. Бұл туралы француздың «Le Monde» газетіне берген сұхбатында «Тоталь» компаниясының басшысы Кристоф де МАРЖЕРИ мәлімдеді.

БАТЫС ПА, ӘЛДЕ ҚЫТАЙ МА?

«Тоталь» басшысы, сондай-ақ, 2015 жылда мұнай өндіруді тәулігіне 2,3 млн баррелге дейін төмендету болжамы туралы хабарлады. Алайда, бұдан ертерек, Қашаған жобасының іске қосылуын есепке ала отырып, осы жобаға қатысушы ретінде осы уақытқа дейін өндірісті тәулігіне 3 млн баррелге дейін арттыруды жоспарлаған еді. Бұл байламға Total-дың құрлықтық Еуропа және Орталық Азия нарықтары бойынша аға вице-президенті Майкл БОРРЕЛДІҢ сөздері де үндесіп жатыр. Ол өзінің Bloomberg-ге берген сұхбатында француз компаниясы Ресейге қарсы экономикалық санкциялар аясында Батыс Сібірде Лукойлмен бірлесе отырып тақтатасты (сланец) мұнай өндіру жоспарларын «қайта қарап жатқаны» туралы хабарлады. Қашағанда мұнай өндіруді ығыстыру туралы ресми хабар болмаса да, мұнай бағасының төмендеуі мен Ресейге қатысты экономикалық санкцияларға байланысты оқиғаның бұлай өрлеуі шындыққа ұласады.

Ресей, бірінші кезекте, бұл - қашағандық мұнайды тасымалдау маршруты. Өткен жылы «АЖ» сауалына жауап берген NCOC сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері Ханс ВЕНК «Қашаған» кен орны мұнайын экспорттаудың басты бағыты оны Каспий Құбыр желісі Консорциумының (КҚК) құбыр желісі жүйесі және Атырау – Самара («ҚазТрансОйл» АҚ) құбыр желісі арқылы тасымалдауды қарастырады деп хабарлаған: «Бастапқы кезеңде мұнай осы маршруттар бойынша тең көлемде тасымалданады, алайда болашақта КҚК құбыр желісі арқылы тасымалдау көлемін арттыру жоспарлануда, өйткені КҚК қосымша қуаттар ұсынып отыр. Жоспарланып отырған Атырау – Самара мұнай құбыры жүйесі бойынша экспорттау маршрутының соңғы нүктесі Новороссийск болатын шығар, алайда Транснефть жүйесінің басқа да соңғы бекеттері жобада бар. Консорциумның әріптестері бірнеше жыл бойы мұнайды Қытайға дейін тасымалдау мүмкіндігін қарастырды. Ал China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясының Консорциумның жаңа әріптесі болғанын есепке алсақ, бұл маршрут үлкен мәнге ие болайын деп отыр».

Қазір, бәрімізге белгілі, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының Атырау мұнай құбыры басқармасында «Өзен – Атырау мұнай құбырының 663-ші шақырымы» мұнай айдау станциясы қайта салынып жатыр. Бұл ахуал өзгерген жағдайда мұнайдың барлық ағынын Қытайға қарай бұру үшін жасалып жатыр. Осы құбырмен қашағандық мұнайдың бір бөлігі де тасымалданады деп болжануда. Қашағандық мұнайдың негізгі бағыты Самара мен Новороссийск арқылы өтетінін есепке алатын болсақ, Ресейге қатысты экономикалық санкциялар аясында батыстық трансұлттық компаниялар Қашағанда өндірісті бастауға асықпауды шешкен сияқты. Мерзімдердің ығысатынын осы күзге жоспарланған NCOC-дің астаналық кеңсесін Атырауға көшіру келесі жылға шегерілгені де растайтын сияқты – көшуге жинақталып жатқан кейбір қызметкерлерге 2015-тің көктеміне дейін қоя тұрыңдар деп пәрмен берген екен.

МҰНАЙ ОНСЫЗ ДА ЖЕТЕДІ

Мерзімдерді ығыстыру жөнінде атыраулық құқық қорғаушы Макс БОҚАЕВ қызықты пікір айтты:

- Жеке өзім мұнай өндіруді барлық кемшіліктерді жойғаннан кейін бастаса да, қорқынышты еш нәрсе жоқ деп ойлаймын. «Қашаған» сияқты қиын кен орнын іске қосқанда асығып керек емес. Жалғыз мен ғана осылай ойламайтын болармын. Алайда Консорциум қатысушылары үшін жұмыстың тоқтатылуы миллиард доллар шығындар әкеледі. Ресми тұлғалар растағандай, Өнімді бөлісу туралы келісімге бенчмарктер мен күн даталары белгіленген, соларға сәйкес Консорциум мен ҚР арасындағы құқықтық қарым-қатынас құрылады.

Қашаған мұнайын мерзімінде қажетті мөлшерде алу үшін Консорциумның ресурстары мен технологиялары жеткілікті. Алайда нарықта мұнай көбейіп кетті, «қарапайым» аз болғандай, тақтатасты мұнай да шығарыла бастады. Иранды бомбылау кейін шегерілді, Мексика өз нарығын жеке меншік компанияларға ашты, Иракта көптеген кен орындары қалпына келтірілді, тағы сол сияқтылар. Мұндай жағдайда трансұлттық мұнай компаниялары не істейді? Әрине, Өнімді бөлісу туралы келісімді (ӨБК) өз пайдаларына қарай өзгертуді ойлайды. Миллиард доллар жоғалтатын айыппұл санкциялар салдырмаудың жолын іздейді. Компаниялар өз мақсаттарына жету үшін шенеуніктерге ақша салынған чемоданнан басқа не ұсына алады? Кейбір аса «лас» корпорациялар ӘБІЛЯЗОВТЫ, одан қалса ӘЛИЕВТІ ұстап беруді ұсынуы мүмкін. Бұл трансұлттық компаниялар үшін жай ғана табысты мәміле ғана болатын еді. Қалай дегенмен де, американдықтар мен еуропалықтар өз іс-әрекеттерін бірнеше қадам алға ойластырып қоймайды деп ойлау ақымақтық болар. Стокгольм арбитражды сотының молдовалық бизнесменге Қазақстаннан жарты миллиард доллар өндіру туралы шешімі дер кезінде пайда болған сияқты. Бұл процесс біздің ұлттық компаниялардың менеджерлері мен үкімет мүшелеріне қыр көрсетіп, Еуропалық Одақ аумағында, Молдовамен көрші Румыния мен басқа да елдерде Қазақстанға тиесілі 2-3 милиард доллар тұратын нысандар бар екенін ескерту үшін жасалғандай. Егер шенеуніктеріміздің «бақыттан бас айналулары» асқынып кететін болса, біз әлі сот шешімі бойынша қазақстандық мүліктерді тартып алып жатқан шетелдік сот орындаушыларын көретін боламыз.

Мұхтар Әбілязовтың тағдыры әлі шешіле қойған жоқ: оны беруі де мүмкін, бермеуі де мүмкін. Алайда Қашаған бойынша ӨБК, қалай болғанда да, кері қаралатын болар.

Естеріңізге сала кетсек, 2008 жылы қабылданған ӨБК қосымша келісіміне сәйкес, Қазақстан қашағандық жобаны жүзеге асыру кестесі мен бюджеттің орындалуына бақылауды күшейтіп, мұнайды коммерциялық өңдеу мерзімін шегергені үшін айыппұл мөлшерін жылына $50 млн-нан $120 млн-ға дейінарттырды.

ҚР мұнай және газ министрі Сауат МЫҢБАЕВТЫҢ егер Консорциум 2013 жылдың 1 қазанына дейін мұнайды коммерциялық өндіруді бастамаса, Консорциум шығындарын өтеуден мемлекет бас тартады деп мәлімдеме жасағанына қарамастан, қазіргі үкімет бұл турасында тіс жармай отыр.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

26 қыркүйек 2014, 18:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.