Атырау, 15 маусым 11:02
 ашықВ Атырау +37
$ 450.79
€ 482.21
₽ 5.05

«Елімізде соңғы алты жылда болған әуе апаттарының хроникасы».«Қазба байлықтарымызды аукционға салатын болдық».«Әблязовты экстрадициялау ісі қарала бастады». «Терроризммен күрес заң жобасына оппозиция алаң». «Компартияны қайта құру туралы айтылды».

1 720 просмотра

ALASHAINASY.KZ      «Елімізде соңғы алты жылда болған әуе апаттарының хроникасы» - 1. 2008 жылдың ақпанында Қызылорда облысында болуы ықтимал су тасқыны қаупін тексеру үшін әуеге көтерілген төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы құлады.

«Қазба байлықтарымызды аукционға салатын болдық» - Біз енді болашақта қазба байлықтарымызды да аукционға салатын болдық.

«Мемлекетке қауіпті "түс"...» - ЛГБТ – Лесбиянка, гей, бисексуал және трансгендер. Әжептәуір топқа айналған бұл қауымдастық бүгінде әлемде кеңінен етек жайып келеді.

«Шоу жасаймыз деп шошытып алмайық» - Кейінгі кезде отандық телеарналарда қандай жаңа бағдарлама шықса да, оны сынап-мінеп, «ойбай, телеарналардағы шоу-бағдарламалар шайтани екен, оны жасаушылар ұяттан жұрдай, сол бағдарламаға түскендердің бәрі сауатсыз» деп байбалам салушылар көбейді.

AZATTYQ. ORG       «Әблязовты экстрадициялау ісі қарала бастады» - Қыркүйектің 25-інде Францияның Лион қалалық апелляциялық соты қуғындағы қазақстандық олигарх, оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовты экстрадициялау ісін қарай бастады.

«Терроризммен күрес заң жобасына оппозиция алаң» - Парламент сенаты терроризмге қарсы іс-қимылдар туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады. Кейбір оппозициялық саясаткерлер «бұл заң онсыз да шектеулі демократиялық қызметімізге қарсы қолданылуы мүмкін» деп қауіптенеді.

«Компартияны қайта құру туралы айтылды» - Оппозициялық коммунистік партия «жастар биліктің қысымынан қорқып мүше болмайды» деп шағынады. Жетекшілікке қарсы бірнеше коммунист ұйымды «әлеуметтік әділдік партиясы» етіп қайта құруға шақырады.

AIKYN.KZ    «Орға жыққысы келгендер опынады..» - Қайрат Нұртастың есімі бүгінде қазақ эстрадасындағы айтулы есімдердің біріне айналды. Әсіресе, жастар оның әндерін ерекше сүйіп тыңдайды. Қайраттың тағы бір ерекше қасиеті – кішіпейілділігі, мейірмандығы. Ана тілін ерекше қадір тұтатыны.

«Уау!» -  «В текущем году» деген сөзді «биыл» деп аударамын деп, дұрыстығын дәлелдеймін деп қаным басыма шауып отыр. Басқа бір меморганның қызметкері «дұрыс аудармасы – «ағымдағы жылы» қалай журналист болғансыз?» деп күледі.

«Содырға қарсы “сойқан” заң керек!» -  «Лаңкестікке қарсы қызмет тиімділігінің ең басты өлшем-критерийі – терактілердің болмауы» деп былтыр Ақордада құқық қорғау органдарының басшылық құрамымен кеңесте Елбасы нақты белгілеген болатын.

ABAI.KZ   «Исламға келушілердің жолын бөгеп тұрған кімдер?» - Исламға келушілердің жолын бөгеп тұрған ең басты нәрсе жалған ақпараттардың ағыны.

JASQAZAQ.KZ.  «Тұрардың тұлғасы» - Өздеріңізге мәлім, Тұрар Рысқұлов екі мемлекетті басқарды ғой. Түркістан Республикасының атқару комитетінің төрағасы болып тұрғанда Лениннің алдына барып, Түрік Республикасы компартиясын құру туралы ұсыныс жасайды. Бұл ұсынысы қабылданбаған соң, қызметтен кетеді.

«Бұл – барып тұрған бассыздық!» - «Жас қазақ» газетінің арнайы сауалына белгілі экономист-сарапшы, Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев жауап береді.

QAMSHY.KZ    «Ата-аналар діни ағымдар қысымына қарсы!» - Біз, сүйікті еліміз Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұрып жатқан ата-аналар, өз балаларымызды, әсіресе, әлпештеп өсірген қыздарымызды арандатушы адасқан діни ағым өкілдерінің, атап айтқанда, «қысқа балақтылар» мен «теке сақалдылардың» қысымынан қорғау мақсатында арнайы Республикалық қозғалыс – қоғамдық ұйым құру туралы Сіздерге үндеу тастап отырмыз.

QASYM.KZ  «Алаштың арланы – Мұстафа» - Мұстафа Өзтүрік! Азаттықтың алғашқы жылдарында бұл есімді білмейтін адам жоқ еді. Себебі, таэквондо спорты ауызға алынса болды, Мұстафаның есімі қатар аталатын.

26 қыркүйек 2014, 09:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.