Атырау, 23 желтоқсан 14:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Бруцеллезден құтылатын күн бар ма?

2 742 просмотра

Қызылқоға ауданында бруцеллез толық жойылмағанымен, бұрынғыдан бәсеңдепті.

Аудан бойынша26 мыңіріқара, 136 мың қой осы аурудың«сүзгісінен» өтіп тексеріліпті. Анықтама көрсеткендей, 716 ірі қара, 314 қой бруцеллезге шалдыққан. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бруцеллез ірі қара мың басқа дейін кемігенмен, ал қой ешкі сол күйінде қалып отыр. Ветеринарлардың мәлімдеуінше, ауру малдардың көзін дер кезінде жоюға жергілікті тұрғындардың өздері де мүдделілік танытып отырған көрінеді. Ауру шыққан қора қопсыны дезинфикциялау қоса жүруде. Десек те, жыл басында Мұқыр мен Жантерек елді мекендерінен бір-бір бастан ірі қара мен қойдан құтыру белгісі табылған.

- Қазір ауданда ірі қараны сырғалату науқаны қызу жүруде. Бұған мемлекеттен 3 млн. 278 мың теңге бөлінді. Күні бүгін 80 пайызы сырғаланып үлгерілді. Бұл жұмысты барынша тез бітіруге болар ма еді, қаржысы бір жағынан кешіксе, тендер де өтіп болмады. Айта кету керек, сырғалатуға ақша бөлінгенімен, бұл қаржы мал иелерінен өндіріліп алынуы тиіс болатын, - дейді Қызылқоға аудандық ветеринария бөлімінің бастығы Серікбай ЛАТИЕВ.

Жергілікті тұрғындар сырғаның ақшасын кешеуілдетуде. Қайтарылуы тиіс үш млн. теңгенің орнына 700 мың теңге ғана түскен. Ал бір ірі қараны сырғалату құны 80 теңге 64 тиын тұрады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 шілде 2011, 21:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.