Атырау, 5 желтоқсан 09:14
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Шынымен-ақ қазақстандықтар Путиннің саясатын қолдау шеруіне қатыса ма?». «Қазақ мемлекетінің ұраны қандай болғаны дұрыс?». «”Хорасан” тобы “Ислам мемлекетінен” де қатерлі саналады». «”Жаңаөзен ісімен” сотталғандардың бірі бостандыққа шықты».

2 818 рет қаралды

ALASHAINASY.KZ       «Шынымен-ақ қазақстандықтар Путиннің саясатын қолдау шеруіне қатыса ма?» - Ресейдің 200 елді-мекені 27 қыркүйекте Путин саясатын қолдап көшеге шықпақшы. Сонымен қатар мұндай шеру бірқатар өзге мемлекеттерде де өтетін көрінеді, осы шараны ұйымдастырушылар соның бірі ретінде Қазақстанды атапты.

«Қазақ қызының бұзылғаны үшін саясат кінәлі ме?» - Қазақ қызы бұзылғаны үшін айыпты емес десек бұған қоғамның басым бөлігі өре түрегелер.

«Қазақ мемлекетінің ұраны қандай болғаны дұрыс?» - Көптеген елдердің мемлекеттік рәміздерінен (туы, әнұраны, елтаңбасы) тыс мемлекеттік ұрандары болады. Бұл ұрандар сол мемлекет халқының мұң-мұқтажын, арман-мұратын, ұмтылатын биігін айқындайды, елдік идеясы мен идеологиясына негіз болады.

«Есірткіден етік жасауға қауқарымыз жетпей ме?» - Әйгілі қарасора шөбі Шу алқабының атын шығарғаны белгілі. Алқаптың негізгі көлемі 2 миллион гектарды қамтитын болса, ондағы 140 мың гектарына қарасора өседі.

AZATTYQ. ORG       «”Хорасан” тобы “Ислам мемлекетінен” де қатерлі саналады» - New York Times басылымы «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымынан да қауіпті «Хорасан» террористік тобы туралы жазады.

«”Жаңаөзен ісімен” сотталғандардың бірі бостандыққа шықты» - 2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзен қаласында болған оқиғаға байланысты бес жылға сотталған Шабдал Өткелов бостандыққа шықты.

«Ресей Каспийдегі әскери басымдығын сақтамақ» - Қыркүйектің 18-і күні Ақтау қаласында «Каспийдегі халықаралық әріптестіктің әскери-саяси аспектілері» атты IV халықаралық конфренция өтті. Азаттық тілшісі Әзербайжан сарапшысынан сұхбат алды.

ABAI.KZ   «Қалдаяқов пен Шахановқа қатысты дау қалай аяқталды?» - Қазақстан Ұлттық телеарнасындағы өзекті мәселелерді қозғайтын «Айтуға оңай» бағдарламасының кезекті саны «Асқақ сезім жыршысы» деген тақырыпта дарынды сазгер, ән өнерінде өзіндік дара биігі бар Шәмші Қалдаяқовтың жұрт назарынан қалыс қалып қойған туындыларына және ең бастысы, Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған, дәл қазір айналасына үлкен дау туындатқан «Ақсудан ұшқан аққуым» әніне арналды.

SERKE.ORG.  «Ресей мен Украина өзара келісе ала ма? Оның шарты қандай болу керек?» - Украинадағы қақтығыс президент Виктор Януковичтің  демократияшыл емес басқару әдісінен туындады.

NAMYS.KZ   «Абайдың ауылдары» - Құнанбай 1861 жылы Ұлжаннан туған үш ұлы – Тәкежан, Абай және Ысқақты бір мезгілде үйлендіріп, тойын бір-ақ істеп, үш отауды бөлек ауыл ғып қондырады.

23 қыркүйек 2014, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.