Атырау, 23 желтоқсан 18:32
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Университет гранттар ала ма?

3 101 просмотра

Әдетте тамыз айының басында  ҰБТ-ден табысты өткен абитуриенттер арасында білім гранттарын алу конкурсы жүргізіледі. Дегенмен биыл  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің мемлекеттік білім тапсырыстарын алмайтындығы туралы алып-қашпа әңгімелер естіле бастады.

Біздің облысымызда мемлекеттік білім тапсырыстары бойынша мамандар дайындайтын екі мемлекеттік жоғары оқу орны бар, олар – мұнай және газ институты және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті. Аталмыш университет биылғы жылы мемлекеттік гранттарды алмайтын болса, онда осында оқуды жоспарлаған абитуриенттердің барлығы ҰБТ-ден алған жоғары баллдарына қарамастан тегін білім алу мүмкіндіктерін автоматты түрде жоғалтады. Жоғары оқу орнының әкімшілігі мемлекеттік тапсырысты алуға өтініш беруді кешіктіріп жіберген деген әңгімелер айтылуда. Тіпті, университеттің бұрынғы басшылығы жоғары оқу орнын гранттардан қағып, онсыз да мінсіз емес оқу мекемесінің беделін түсіру үшін тапсырысты қасақана кешікті деген болжам да бар.

Бүгінгі таңда университетте түрлі оқу формасы бойынша білімді шамамен 10 мың студент алып жатыр. Оқу 49 мамандық бойынша жүреді. Әрине, гранттың болмауы биылғы жылдың абитуриенттері үшін күтпеген жағымсыз тосын сый болмақ.

Түсінік алу үшін біз университет ректоры міндетін атқарушы Софья САҒЫНДЫҚОВАҒА жолықтық. Ол биылғы жылы грант алуға байланысты жоғары оқу орынында қиындықтардың туындағандығын жасырмады. «Неліктен мұндай қиындықтардың орын алғандығын қазір маған айту оңай емес, ол кезде жоғары оқу орнында басқа басшылық болды. Тапсырысты жіберумен тікелейуниверситеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Сұлтан ҚАСЕНОВ айналысқан еді. Ол қазір еңбек демалысында жүр. Алайда, мен тапсырыстың уақытында ғана емес, алдын-ала жіберілгендігін білемін. Тапсырысты жеткізуге байланысты кедергінің неліктен бой көтергендігі түсініксіз. Қазір барлық проблемалар шешілгендей болды, біздің университетіміз бакалаврларды дайындауға гранттарды ала алады деп сеніммен айта аламын. Магистратураға қатысты жағдай сәл кейін анықталатын болады».

С.Сағындықованың айтуынша, өткен жылы университет бакалаврларды оқыту үшін 132 грант алды: оның 72-сі күндізгі және 50-і сыртқы оқу бөліміне берілген болатын, сондай-ақ, 19 грант магистратураға берілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 шілде 2011, 00:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.