Атырау, 23 желтоқсан 14:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Салқын сыра дуалдан аса алмады

2 459 просмотра

22-ші шілдеге қараған түні жалпы режимдегі колонияға спирттік ішімдіктер партиясын әкелуге тырысқан әрекет әшкере болды.  

Қылмыстық-түзету жүйесі облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Бақытгүл МАРАЗБАЕВАНЫҢайтуынша, колония қызметкерлерінің көзіне түзету мекемесінің ішкі қоршауының маңынан түнделетіп тоқтаған  «Нива-Шевроле» маркалы автокөлік түскен. Жедел топ қызметкерлерін байқаған күдікті көлікпен ізін суытып үлгерген,  ал оның орнында 55 бөтелке сыра және орамдағы 10 ойын картасы табылған. Шамасы, белгісіз рақымшыл жандар сөмкедегілерді түнге қарай қоршау арқылы ішке тастауды көздеген секілді.

Қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің қызметкерлері қаладан колонияға дейінгі салынған жаңа жолдың бейберекет сапарлаушылардың осылайша жедел көзден таса болуына мүмкіндік туғызып отырғандығын атап өтті.

Лев ГУЗИКОВ

28 шілде 2011, 00:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.