Атырау, 20 маусым 15:51
 ашықВ Атырау +23
$ 519.55
€ 596.03
₽ 6.63

«Ресей санкциялар қысымын сезіне бастады». «Ресей Каспийдегі әскери басымдығын сақтамақ». «Қырғыздар да "стан" жалғауын жаратпай қалды». «Балық басынан шіриді». «Жеткіншегі қанішер, молдасы ұры...».

2 101 рет қаралды

AZATTYQ. ORG      «Ресей санкциялар қысымын сезіне бастады» - Батыс елдері санкцияларының Ресей экономикасына әсері айқын байқалып отыр. Рубль құнсызданып, үкімет мемлекеттік компанияларды қолдау үшін жан-жақтан қаражат іздей бастады.

«Ресей Каспийдегі әскери басымдығын сақтамақ» - Қыркүйектің 18-і күні Ақтау қаласында «Каспийдегі халықаралық әріптестіктің әскери-саяси аспектілері» атты IV халықаралық конфренция өтті. Азаттық тілшісі Әзербайжан сарапшысынан сұхбат алды.

«Конгресте сөйлеген Порошенко Қазақстан туралы да айтты» - Петр Порошенко "Кремльдің орыс тілділерді қорғау саясаты Украинада соғыс шығарғанын" және Кремльдің бұл позициясы бірқатар елдерге, оның ішінде Қазақстанға да қатер төндіретінін айтты.

«Өзбек билігі “бұзық” труппаны жапты» - Өзбекстанда «Миллион» әзіл-сықақ клубы өте танымал бола бастаған еді. Қойылымдары аншлагпен өтетін. Бірақ билік бұл труппаның бұдан арғы жұмысына тыйым салды.

«Қырғыздар да "стан" жалғауын жаратпай қалды» - Қырғызстанда «елді артта қалған қылып көрсетеді» деп мемлекет атауындағы «стан» жалғауын алып тастау туралы ұсыныстар айтылып жатыр.

QAZAQUNI.KZ    «Балық басынан шіриді» - Басынан бұлт, ісінен шикілік арылмаған білім министрлігі тағы да депутаттардың сын садағына ілінді.

JASQAZAQ.KZ.  «Кір келтірді» - Қазбек Бейсебаев, экс-дипломат: Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) бұрынғы қызметкері Қазбек Бейсебаев «Жас қазақ» газетіне сұхбат берді. Ол осы шағын сұхбатында виза мәселесі, СІМ-інің қызметкерлері төңірегінде ой бөлісті.

«Мертіктіретін метадон» - Метадонды медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салу.

SKIFNEWS.KZ      «Жеткіншегі қанішер, молдасы ұры...» -  Қазақ қоғамы тағы бір жеті күнді артқа тастады. Біткен аптаны бұрынғы апталардан алабөтен өзгеше болды дей қою қиын.

22 қыркүйек 2014, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.