Атырау, 20 сәуір 18:00
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

“Даму” көмек қолын созды

2 634 просмотра

Қазақстанның мүгедек кәсіпкерлері  қажетті компьютерлер мен тігін машиналарына қол жеткізді. Олардың ішінде атыраулық төрт мүгедек кәсіпкер бар.

Біз «Даму»  кәсіпкерлікті дамыту қорының жұмыс бағыттарының бірі мүгедек кәсіпкерлерді қолдау үшін арнайы жасақталған «Даму-Көмек» бағдарламасы боп табылатынын жазған едік. Бұл бағдарлама кәсіпкерлікпен айналысуға, кәсіби тұрғыда өсуге, сондай-ақ бизнеспен айналысатын мүгедек кәсіпкерлердің біліктілігін көтеруге қолдау көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасауға бағытталған болатын.

Бұл қаржылық жоба емес: www.damu-komek.kz сайтына мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлер бизнес жасау үшін қандай жабдыққа, қызметке немесе басқа көмекке мұқтаж екендігі туралы өз өтініштерін орналастырады. Сол жерге осындай көмек көрсеткісі келетін кәсіпкерлер де өз хабарландыруларын бере алады. «Даму» қорының аймақтық филиалдарына өз істерін ашқысы келетін мүгедектерден үнемі ақпарат келіп түседі. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап, Қазақстанның бүкіл аймақтарынан тігін машиналары қажет екендігі туралы өтініштер түскен. Соған орай Қазкоммерцбанк қаржысының есебінен 1 млн. теңгеден астам сомаға 33 тігін машинасы сатып алынған. Осы жабдықтар еліміздің 16 аймағына жеткізіліпті.

– «Даму-Көмек» бағдарламасының аясында 14 шілдедегі ахуал бойынша  сайтқа 431 өтініш орналастырылған. Қазақстанның бүкіл аймағы бойынша 188 өтінішті қанағаттандыра алдық. Ал Атырау облысынан 28 өтініш түсті. Бизнеспен айналысып жүрген кәсіпкерлерге де, өз істерін ашқысы келетін жандарға да көмек қажет екен. Жыл басынан бері алты адам көмек алды, - дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Атырау облысы бойынша АФ директорының орынбасары Ақан  ҚАЙЫРҒАЛИЕВ. Бүгінде Қазкоммерцбанктің атынан ІІ топ мүгедегі Светлана РАХИМОВА мен Зерлеш ҚОШЕКЕНОВАҒА тігін машиналары табыс етілді. Ал Атырау облысы бойынша «Даму» қорының филиалының атынан ІІ топ мүгедегі Аманбек ЖҰМЫРҒАЛИЕВ пенІ топ мүгедегі Райымбек ЯКУПОВҚА компьютерлер тарту еттік.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 шілде 2011, 00:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.