Атырау, 11 мамыр 10:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18

Аумақтық жер инспекциялары мен сәулет-құрылыс департаменттері таратылады - Е.Досаев

2 056 рет қаралды

Фото: ҚазақпаратФото: ҚазақпаратАСТАНА. ҚазАқпарат - Аумақтық жер инспекциялары мен сәулет-құрылыс департаменттері таратылады. Бұл туралы бүгін Сенатта «ҚР Үкіметі туралы» ҚР Конституциялық Заңына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Конституциялық Заңының жобасы, «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев айтты.

«Жергілікті атқарушы органдарға орталық атқарушы органдардың 261  функциясын беру ұсынылады. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару саласы бойынша заң жобасында жергілікті билік органдарына сәулет, қала құрылысы және құрылысы саласындағы лицензиялау, аттестаттау және бақылау, сонымен қатар жер ресурстарын басқару саласындағы бақылау функцияларын беру көзделеді», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, жергілікті атқарушы органдарға берілетін функцияларды ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігінің тиісті комитетінің құзыретінде жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы мен жер ресурстарын басқару саласындағы қызметін бақылау функциясы қала береді.

«Бұл ретте жергілікті атқарушы органдарға 515 бірлік штат саны және комитеттің орталық аппаратына 54 бірлік штат саны беріле отырып, аумақтық жер инспекциялары мен сәулет-құрылыс бақылау департаменттері таратылады», - деді Е.Досаев.

Дереккөз: inform.kz

18 қыркүйек 2014, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.