Атырау, 27 қараша 00:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Құлыбаев болашақ мұрагер болуы мүмкін

3 567 просмотра

Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың "күш-қуаты бабында" екенін және 2016 жылғы сайлауға дейін өз қызметін атқаруды көздеп отырғанын айтты.

Ертісбаев ресейлік "Коммерсанть" газетінде дүйсенбі, 25 шілде күні жарияланған сұхбатында ел президентіне қатысты жайларға тоқталған.

Қазақстан президентінің Гамбург клиникасында емделгені жайындағы ақпараттарға түсініктеме бере келе, Ертісбаев мұны «әдеттегі жоспарлы медициналық тексерілудің бірі ғана» деді.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың мұрагері кім болуы мүмкін?" деген сауалға:

- Таяуда мемлекет басшысымен сөйлестім. Ол 2016 жылдың желтоқсанындағы кезекті президент сайлауына дейін елді индустриалды-инновациялық дамытуға арналған көптеген жоспары бар екенін айтты. Сондықтан бұл мәселені тек «аяқ астынан бола қалған жағдайда» деп қана қарастыруымызға болады,- деп жауап берді Ертісбаев.

Ермұхамет Ертісбаев қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әбілязовтің Тимур Құлыбаевқа бірнеше рет айып тағуына оның мұрагер болу мүмкіндігі себеп болып отыр деп мәлімдеді.

- Мемлекет басшысы күтпеген жерден кете қалып, төтенше жағдай бола қалса, президенттің стратегиялық бағыты мен мемлекеттік-саяси құрылымның негізгі бағыттарын сақтап, әрі қарай алып кете алатын адам Құлыбаев екенін Мұхтар Әбілязов өте жақсы біледі. Осы тұрғыдан келгенде Тимур Құлыбаев Мұхтар Әбілязовқа да, Рахат Әлиевке де, сол сияқты тағы да басқа қашқындарға бірқатар қолайсыздық туғызып отыр, - дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов президент болуға ұмтылмайды.

- Мен Кәрім Қажымқанұлын 1995 жылдан, АТФ банкте қызмет істеген кезінен бастап білемін. Ол - өте ақылды адам. Сондықтан ол Әбілязов айтып отырғандай рөл атқаруға тырыспайды. Ал алдағы саяси күрестер кезінде белсенді рөл ойнауы – басқа мәселе, - деді Ермұхамет Ертісбаев.

azattyq.org

27 шілде 2011, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.