Атырау, 14 қараша 07:05
 бұлттыВ Атырау +5
$ 492.17
€ 522.39
₽ 5.00

Газсыз өткен бір күн

2 384 просмотра

14-і және 16 шілде аралығында Жұмыскер-2 тұрғын үй массивінде электр қуатын тұтыну әдеттегіден артып кетті. Электр қуатының іркілісіне ыстық ауа-райы мен салқындатқыштарды қолдану қажеттілігі ғана емес, газ құбырындағы орын алған апаттың да себепші болғандығы анықталды.

«ОблТрансГаз» КМК баспасөз хатшысы Мұрат АУДАНОВТЫҢайтуынша,  14 шілде күні «104» апатты газ қызметінің қызметкерлері Жаңа Сарқамыс ықшам ауданындағы автокөлік жолының астындағы диаметрі 200 миллиметр болатын ескі тұрба құбырынан газдың кеткендігін  анықтаған. Апатты жою жұмыстары 15-ші шілдеге дейін жалғасқан. 15 шілде күні түске дейін тұрбаға герматикалық сынама жүргізіліп, газбен жабдықтауды қайта жандандырған. Тұрғындардың шағымдарына қарағанда Жұмыскер-2 газ құбырларының кварталдық желісінің кейбір учаскелерінде  газ тек 16-шілде күні түстен кейін ғана берілген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 шілде 2011, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.