Атырау, 26 желтоқсан 18:32
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жарылғыш заттан құтылған жөн

2 226 просмотра

Атырауда мерзімі өткен 40 тонна жарылғыш заттар анықталды.

Қалалық прокуратура жарылғыш және пиротехникалық заттар мен бұйымдар айналымына байланысты қызмет ететін кәсіпорындардың қауіпсіздік ережелерін қалай сақтайтындығына тексеру жүргізген еді. Тексеру барысында қоймалардың бірінен жарамдылық мерзімі өтіп  кеткен 40 тоннадан астам жарылғыш материалдар табылды.

«Осы факті бойынша қала прокуратурасы облыстағы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке заң бұзушылықтарды жою және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұйғарым енгізді», - дейді Атырау қаласы прокурорының аға көмекшісі Магомед ЕСЕНБОЛАТОВ. Әрине, прокуратура қауіпті жарылғыш тауардың қожайынынан оны облыстан тысқары шығаруды талап етті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 шілде 2011, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.