Атырау, 23 желтоқсан 18:37
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Тікенекті ұзынтұра

3 200 просмотра

  Осынау алып кактус кардиохирургиялық орталықтың (бұрынғы БСМП) дәлізіне ыңғайлы орнығыпты.

Егер ұзақ жыл жасайтын осы өсімдіктің сөйлейтін тілі болса, ол орталық көпір түбінде орналасқан бұл ғимараттың сонау 1999 жылы өртенгенін, оны науқастармен бірге өрттен қалай алып шыққанын әңгімелеп берер еді. Сол кезде қазіргідей 2,5 метр биіктікте болған болса, онда оны алып шығу анағұрлым қиын болған болар еді.

Жиырма жылдық тікенекті өсімдікке фармацевт Ирина БАШАРОВА (суретте) күтім жасайды. Оның айтуынша, бұрын  бұл өсімдіктің шыршадағыдай бұтақтары бар, ауқымды болатын. Жаңа жыл қарсаңында оны ойыншықтармен безендіретін. Соңғы жаңа жылдық мерекеден кейін ауруханалық «шырша» құлап түсіп, бір метрдей бөлігі сынып қалған. Оның үстіне кейбір пациенттердің зеріккендіктен бе, әлде үйлеріне апарып отырғызу үшін бе, кактустың бұтақтарын жұлып тастайтын әдеттері бар. Бүгінде алып кактус қалалық аурухананың өзіне назар аудартар дүниесіне айналған. Түптеп келгенде ол рекордқа да  үміткер бола алар еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

21 шілде 2011, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.