Атырау, 26 желтоқсан 18:26
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Кәсіпкердің “қорасына” заңсыз кірген

2 844 просмотра

ҚР Бас прокуратурасының Атырау облыстық құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің басқармасы жергілікті кәсіпкерлерді негізсіз тексерген мемлекеттік органдарды анықтады.

Осы жылдың бірінші жарты жылдығында мемлекеттік бақылаушы органдар облыста 6 898 тексеру жүргізген. Соның ішіндегі 4 562 тексеру жұмысы жеке кәсіпкерлікпен айналысушы тұлғаларға қатысты: 2715 тексеру шағын кәсіпкерлік, 1366 тексеру орта кәсіпкерлік, 481 тексеру ірі кәсіпкерлік нысандары.

Атырау облыстық комитеті басқармасының арнайы есеп бөлімінің бастығы Жәнібек СЕМҒАЛИЕВТІҢайтуынша, барлығы 22 заңсыз тексеру анықталып, 33 актіні тексеруге тіркеуден бас тартылған. Сонымен бірге, бөлім бастығы ҚР Бас прокуратурасының комитет басқармасы кәсіпкерлерді мазалаған сауалдарға және мемлекеттік бақылау жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған www.pravstat.kz cайтындағы «Бизнес тірегі» атты жобаны жүзеге асыру жұмысы жалғасып жатыр деп отыр.

Осы жоба аясында облыстағы кәсіпкерлерден прокурорлар атына мемлекеттік органдардың тексеру барысында заң бұзушылыққа жол бергендігі туралы 16 хабарлама келіп түскен. Хабарламалар бойынша мобильді топ құрылып, тексеру жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша алты лауазым иесі ҚР ӘҚБтК-ның 153-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алты қызметкердің үшеуі сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылса, тағы үшеуіне прокурорлар тарапынан түсіндірме жасалған.

Атырау қалалық арнайы мамандандырылған сотының шешімімен кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейтін болды.

Комитет басқармасы кәсіпкерлер құқын қорғау жобасы мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасында құқықтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Облыстағы кәсіпкерлер мемлекеттік бақылау органдары тарапынан жүргізілген заңсыз тексерулерге байланысты барлық сауалдар бойынша ҚР Бас прокуратурасының Атырау облыстық құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің басқармасына мына телефондар арқылы байланыса алады: 27-20-38, 55-83-30.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

21 шілде 2011, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.