Атырау, 23 желтоқсан 19:07
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Мұнай эскпорты кеден назарында

2 389 просмотра

Бүгінде Атырау облысы бойынша энергоресурстардың экспортымен тікелей «Энергетикалық» кеден бекеті айналысады. Және, «Теңізшевройл», «Карашығанақ»,  «Петролеум Оперейтинг» және басқа да ірі компаниялардың мұнай, газ және мұнай өнімдерінің экспорты осы кеден бекетінде жүзеге асырылады. 

«Энергетикалық» кеден бекетінде 2010 жылы (жылдың барлық 12 айы бойынша) 30 млн. тонна шамасында мұнай, 2 млн. 200 мың тоннға жуық мұнай өнімдері және 3,5 млрд. текше метрден артық газдың экспорты, ал 2011 жылдың 6 айында (жылдың бірінші жарты жылдығы) - 16 млн.тоннадан артық мұнай, 900 мың тонна мұнай өнімдері мен 1,5 млрд.текшеметрге жуық  газ ресімделді.

Осылайша рәсімделген мұнай өнімдері есебінен бюджетке миллиардтаған қаржы түсті. 2010 жылы мемлекет бюджетіне 61 млрд.теңге көлемінде және 2011 жылдың 6 айында 115 млрд. теңге көлемінде қаржы аударылды.

2010 жылы мұнайға экспорттық баж енгізілуіне байланысты мұнайдан түскен экспорттық кеден төлемі 56 млрд. теңгені, ал 2011 жылдың 6 айында 107 млрд. теңгені құрады. Атырау облысы Кедендік бақылау департаментінің «Энергетикалық» кеден бекетінің бастығы Нұржан ҒАБДУАЛИЕВ стратегиялық ішкі өнімнің кедендік ресімдеуі және Қазақстаннан тыс кетуіне бақылау жасауда кеден бекетінің үлесі зор деп есептейді.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

21 шілде 2011, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.