Атырау, 26 желтоқсан 17:55
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Денсаулық керуені

2 738 просмотра

15 шілдеде дәрігерлер ауылдық жерлердің тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп, сырқаттарды анықтау үшін облыстың шалғай аудандарына жол тартты.

«Кардиологтар, эндокринологтар, фтизиатрлар, окулистер және т.б. мамандар тобының «Денсаулық жолы» бағдарламасы бойынша шілде-тамыз айларында аудандарға шығып, халықты тексеруден өткізіп жүргендеріне төртінші жыл болды. Осы жылдар нәтижесі бойынша жылдан жылға артериалық гипертензияға шалдығу контингенті «жасарып» бара жатқанын атап өтуге болады. Ал уақытында анықталуы себепті туберкулез деңгейі азаюда», - дейді Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басшысы Гүлнар МӘМБЕТОВА. Медициналық топ зертханамен, стоматологиялық және офтальмологиялық жабдықтармен жарақталған екі автопойызбен саяхат жасауда. Бұдан басқа, тұрғындар көшпелі флюромашинада көкірек қуысын рентгенге түсіре алады.

15 шілдеде медициналық керуен Индер ауданының Өрлік селосына келді. Ол жерде екі күн ішінде 2 118 пациент мамандардың қабылдауында болды. Содан кейін дәрігерлер Жылыой ауданындағы Тұрғызба елді мекеніне жол тартты. Мұнда медиктер 2 400 пациент қабылдаған. Ендігі кезек Доссор мен облыстың басқа елді мекендерінде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 шілде 2011, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.