Атырау, 26 желтоқсан 17:57
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Тұтқындар еңбекақыларын талап етті

2 461 просмотра

УГ-157/10 түзету мекемесінің тоғыз сотталушысы Атырау қалалық сотына талап арыз жазған. Жарты жылдай кәсіпкерге жұмыс істеген олар өз жалақыларын ала алмапты.

Қылмыстық-түзету жүйесі департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытгүл МАРАЗБАЕВАНЫҢ айтуынша, колонияда жазаларын өтеп жатқандар өткен жылдың маусымы мен қараша айының аралығында кеспе тастар дайындайтын «Rentkom» ЖК-де жұмыс жасаған.

– Түзету мекемесі мен кәсіпкердің арасында келісім-шарт жасалған. Соның негізінде жұмыс беруші кеспе тастар дайындау цехында жұмыс жасайтын тұтқындардың еңбектерін ай сайын 15 мың теңге мөлшерінде төлеп тұруға міндеттелген. Алайда төлеуге ешкім де асықпаған. Кәсіпкер өзінің келісім-шарт міндеттемесі бойынша жұмысшыларға 350 мың теңге берешек боп қалған. 

Сотталушылардың мүдделерін қорғаған УГ-157/10 мекемесінің әкімшілігі сотқа жүгінуге мәжбүр болыпты. Осы талап арыз бойынша сот процестері жүргізілуде.

Тамара СУХОМЛИНОВА

21 шілде 2011, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.