Атырау, 26 желтоқсан 18:02
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«Көршінің» әкімі Мағжан қабірін іздеуге көмектеспек

3 500 просмотра

Сталиндік репрессия жылдары айдауда болған құлсарылық Абдулла ӘБДІРАХМАНОВ туралы «АЖ» -ның мамыр айында  жарық көрген «Құлсарылық Абдулла қарт және ақын Мағжан Жұмабаев» (№21, 26 мамыр)  атты  материал ел құлағын елең еткізген еді.

Онда жерлесіміз құлсарылық Абдулла Әбдірахмановтың Магадан облысының Сусуманск  аймағындағы   НКВД лагерінде  қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ұлтшылдығы үшін қуғынға түскен Мағжан Жұмабаевпен бірге отырғаны жайлы  жазған болатынбыз. Мақала биліктен өзге қоғам қайраткерлері мен мағжантанушыларды бір селт еткізді. Автормен пікір таластырып  республиканың түкпір-түкпірінен телефон қоңыраулары  мен хаттар келіп түсті. Редакциямызға қоңырау шалған Мағжан Жұмабаевтың туысқандары туған жердің топырағын апарып ұлы атасының қабіріне салып, оның  топырағын туған жерге әкелгісі келетінін жеткізген болатын. Олардың бұл өтінішіне басты кейіпкеріміз Абдулла ақсақал да қарсы болған жоқ. Бірақ мәселе қаражатқа  келіп тірелген-ді.

Алайда Маңғыстаудағы мұнайшылар  ереуіліне әділетсіздік танытып отыр деп журналистердің сын қармағына ілініп жүрген Маңғыстау облысы  әкімі Қырымбек Көшербаев елді бір елең еткізді.  Ол өзінің ұлы ақынның қабірі басына барып қайтуға жиналғандарға демеушілік танытқысы келетінін білдіріпті. Қазір 6 адамнан құралған топ (олардың арасында «АЖ» тілшісі де бар)  жолсапарға дайындық үстінде.

Сәния ТОЙКЕН

21 шілде 2011, 01:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.