Атырау, 12 желтоқсан 10:34
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Теңіздегі шығарындылар құны бір миллиардтан астам теңге

3 218 просмотра

«Теңіздегі апат: зардап шеккендер бар» («Жайық самалы» №27, 7 шілде) жарияланымы жарық көргеннен кейін «Теңізшевройл» компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Жайық-Каспий экология департаменті инспекциясының бастығы Қабижан ҚАПАНОВТЫҢайтуынша, тексеру барысында, 29 және 30 маусымда Теңіз кенішінде орналасқан зауыт құрылғысының тоқтауы нәтижесінде газ шығарындысы тасталғандығы анықталған. «Теңізшевройл» компаниясына 134 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, 1 млрд. теңге мөлшерінде қоршаған ортаға тигізілген зиян өндіріліп алынды.

Сол нөмірдегі «Мұнай қосылған ет жейсіз бе?..» деген мақалада жарияланған фактілерге қатысты, Қапанов олардың расталғанын хабарлады. Табиғат қорғау прокуратурасы мен экология департаменті қызметкерлерінен құралған ортақ комиссия Соколок суару каналының маңынан 350 тонна мұнай қалдықтарын тапқан. Қалдықтардың қайдан әкелінгені анықталмаған. Сондықтан зиянды ешкімнен өтеп ала алмайды. Алайда табиғат пайдаланушылар қалдықтар төгетін жер құқыққорғау органдарының бақылауына алынатын болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 шілде 2011, 00:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.